Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2013 жылғы 10 қазандағы № 206 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 5 қарашада № 4284 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 318 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 12.09.2014 № 318 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 2 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қалалық мәслихаттың
      кезектен тыс
      сессиясының төрағасы                       Р. Бермухамбетов

      Қалалық
      мәслихаттың хатшысы                        В. Лощинин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Рудный қалалық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      _____________ С. Костина

Мәслихаттың    
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 206 шешіміне қосымша

Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды
жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға
жұмсаған шығындарды өндіріп алу
тәртібі мен мөлшері

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу (бұдан әрі – шығындарды өндіріп алу) "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен тағайындалады және төленеді.
      2. Шығындар тұрғылықты жері бойынша тіркелген мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарына және өзге заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушылар) өндіріп алынады.
      3. Шығындарды өндіріп алуды тағайындау үшін алушы өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) баланың туу туралы куәлігін;
      4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың үйде оқыту ұсынысы бар қорытындысын;
      5) медициналық-әлеуметтік сараптаманың мүгедектік туралы анықтамасын;
      6) банкта шоттың бар болуы туралы құжатты ұсынады.
      Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.
      4. Алушыларға шығындарды өндіріп алу ағымдағы оқу жылына тағайындалады және өтініш білдірген айдан бастап ай сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әр балаға төленеді.
      5. Шығындарды өндіріп алу:
      1) алушы және (немесе) бала қайтыс болған;
      2) алушы және (немесе) бала Рудный қаласы әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) бала толық мемлекеттік қамсыздандыруға орналастырылған;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      6. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Решение маслихата города Рудного Костанайской области от 10 октября 2013 года № 206. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 5 ноября 2013 года № 4284. Утратило силу решением маслихата города Рудного Костанайской области от 12 сентября 2014 года № 318

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Рудного Костанайской области от 12.09.2014 № 318 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану согласно приложению.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 2 сентября 2013 года.

      Председатель внеочередной
      сессии городского маслихата                Р. Бермухамбетов

      Секретарь
      городского маслихата                       В. Лощинин

      СОГЛАСОВАНО:

      Руководитель государственного
      учреждения "Рудненский
      городской отдел занятости и
      социальных программ"
      __________________ C. Костина

Приложение       
к решению маслихата    
от 16 октября 2013 года № 206

Порядок и размер возмещения затрат на
обучение на дому детей с ограниченными
возможностями из числа инвалидов по
индивидуальному учебному плану

      1. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану (далее – возмещение затрат) назначается и выплачивается государственным учреждением "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ".
      2. Затраты возмещаются родителям и иным законным представителям детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов (далее – получатели), зарегистрированным по месту жительства.
      3. Для назначения возмещения затрат получатель представляет заявление с приложением следующих документов:
      1) документ, удостоверяющий личность;
      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;
      3) свидетельства о рождении ребенка;
      4) заключение психолого-медико-педагогической консультации с рекомендацией обучения на дому;
      5) справка об инвалидности медико-социальной экспертизы;
      6) документа о наличии счета в банке.
      Документы предоставляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются получателю.
      4. Возмещение затрат назначается получателям на текущий учебный год и выплачивается ежемесячно с месяца обращения в размере 6 месячных расчетных показателей, на каждого ребенка.
      5. Возмещение затрат прекращается с месяца, следующего за месяцем, в котором наступили следующие обстоятельства:
      1) смерть получателя и (или) ребенка;
      2) выезд получателя и (или) ребенка на постоянное проживание за пределы административно-территориальной единицы города Рудного;
      3) определение ребенка на полное государственное обеспечение;
      4) выявлены недостоверные сведения, представленные получателем.
      6. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.