Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесінің 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылға қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың нақты орындалған жұмыстарға еңбек ақы төлеу аудандық бюджет қаражатынан жүргізілсін.
3. Мыналар белгіленсін:
1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салық аудандық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады;
2) жалақыны есептеу мен төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметіне комиссиялық сыйақысын төлеу шығындары қоғамдық жұмыстарды орындау шартында белгіленген мөлшерлерде жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аудандық бюджеттен өтеледі.
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және жұмыс беруші арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындау шартында көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. У. Хайруллинге жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аманкелді ауданының әкімі Ж. Таукенов
КЕЛІСІЛДІ:
"Аманкелді ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ М. Тобағабулов
2013 жылғы 18 ақпандағы
№ 17 қаулысымен бекітілген
2013 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері
№ |
Ұйымдардың |
Қоғамдық |
Қоғамдық |
Қоғамдық |
Еңбегіне |
1 |
Аманкелді |
1. Қызметкердің |
11760 7040 |
Қоғамдық |
Ең төменгі |
5) С.Мауленов, |
3360 2520 1600 3352 512 |
||||
2. Қызметкердің |
704 472 |
3. Қызметкердің |
672 480 504 |
||||
4. Қызметкердің |
372 |
||||
5 Қызметкердің |
944 336 480 |
||||
6. Қызметкердің |
1024 |
2) ауылдың |
640 344 |
||||
7. Қызметкердің |
944 1008 |
||||
8. Қызметкердің |
672 304 480 |
||||
9. Қызметкердің |
812 340 304 |
4) саябаққа |
266 |
||||
10. |
876 512 602 |
||||
11. |
1530 880 500 |
||||
12. |
250 |
2) ауылдың |
470 410 |