2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 261 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 маусымда № 4147 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 1-177 ұсынысы негізінде Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері мына бағыттар бойынша белгіленсін:
      1) 2013 жылғы 10 маусымға дейін - көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың, оның ішінде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қажетті лизинг шартының негізінде сатып алынған тұқымның құнын (40 %-ға дейiн) арзандатуға;
      2) 2013 жылғы 1 тамызға дейін - тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) мен гербицидтердің құнын арзандатуға (50 %-ға дейiн).
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері белгіленсін.
      3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А. Алиферецке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 10 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Жітіқара ауданының әкімі                   К. Испергенов

Әкімдіктің       
2013 жылғы 20 мамырдағы  
№ 261 қаулысына    
қосымша         

2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының түрлері

Оңтайлы себу мерзімдері

1

Жазғы бидай, арпа, сұлы,
қарақұмық, тары

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

2

Дәнді - бұршақ тұқымдас
дақылдар

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

3

Майлы дақылдар

15 мамырдан бастап
30 мамырға дейін

4

Жемшөптік дақылдар

15 мамырдан бастап
10 маусымға дейін

5

Бірінші, екінші және
үшінші өсу жылдарындағы
бұршақ тұқымдас
көпжылдық шөптер

бірінші мерзім - 1 мамырдан
бастап 31 мамырға дейін,
екінші мерзім - 5 шілдеден
бастап 10 қыркүйекке дейін

6

Сүрлемдік жүгері мен
күнбағыс

15 мамырдан бастап
31 мамырға дейін

7

Шабындық жерлерді
шалғындандыру үшін
егілген көпжылдық шөптер

бірінші мерзім - 1 мамырдан
бастап 31 мамырға дейін,
екінші мерзім - 5 шілдеден
бастап 10 қыркүйекке дейін

8

Күздік бидай және қара
бидай

25 тамыздан бастап
10 қыркүйекке дейін

9

Көкөністер мен бақша
дақылдары

25 сәуірден бастап
10 маусымға дейін

10

Картоп

10 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2013 год

Постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 20 мая 2013 года № 261. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 11 июня 2013 года № 4147

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 12 Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221, на основании рекомендации товарищества с ограниченной ответственностью "Костанайский научно-исследовательский институт сельского хозяйства" от 2 апреля 2013 года № 1-177 акимат Житикаринского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить сроки предоставления заявок на включение в список получателей субсидий по направлениям:
      1) на удешевление (до 40 %) стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, в том числе приобретенных на основании договора лизинга семян, необходимых для проведения весенне-полевых работ, - до 10 июня 2013 года;
      2) на удешевление (до 50 %) стоимости удобрений (за исключением органических) и гербицидов - до 1 августа 2013 года.
      2. Определить оптимальные сроки сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2013 год согласно приложению к настоящему постановлению.
      3. Контроль за исполнением постановления возложить на заместителя акима района Алиферец А.А.
      4. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 10 апреля 2013 года.

      Аким Житикаринского района                 К. Испергенов

Приложение        
к постановлению акимата  
от 20 мая 2013 года  
№ 261           

Оптимальные сроки сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2013 год

Виды приоритетных
сельскохозяйственных
культур

Оптимальные сроки сева

1

Яровая пшеница,
ячмень, овес,
гречиха, просо

с 15 мая по 5 июня

2

Зернобобовые
культуры

с 15 мая по 5 июня

3

Масличные культуры

с 15 мая по 30 мая

4

Кормовые культуры

с 15 мая по 10 июня

5

Многолетние бобовые
травы первого,
второго и третьего
годов жизни

первый срок - с 1 мая
по 31 мая,
второй срок - с 5 июля
по 10 сентября

6

Кукуруза и
подсолнечник на
силос

с 15 мая по 31 мая

7

Многолетние травы,
посеянные для
залужения сенокосных
угодий

первый срок - с 1 мая
по 31 мая,
второй срок - с 5 июля
по 10 сентября

8

Озимые пшеница и
рожь

с 25 августа по 10 сентября

9

Овощи и бахчевые
культуры

с 25 апреля по 10 июня

10

Картофель

с 10 мая по 5 июня