Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімінің 07.02.2014 № 1 шешімімен.
"Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Конституциялық Заңына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. 2011 жылғы 16 қарашадағы № 1 "Жітіқара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-171 тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашада "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селолары" деген сөздер "ауылының", "ауылдары" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.С. Актаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Утешов
КЕЛІСІЛДІ:
Жітіқара
аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
___________ Ж. Дарбаев