Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2013 жылы ұсыну туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2013 жылғы 14 мамырдағы № 123 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 21 мамырда № 4135 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен
      тыс сессия төрағасы                        М. Агдавлетов

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        А. Тюлюбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарабалық ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      __________________ Н. Бодня

О предоставлении в 2013 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты

Решение маслихата Карабалыкского района Костанайской области от 14 мая 2013 года № 123. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 21 мая 2013 года № 4135

      В соответствии со статьей 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Карабалыкский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить в 2013 году специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты, подъемное пособие и социальную поддержку для приобретения или строительства жилья.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      внеочередной сессии                        М. Агдавлетов

      Секретарь
      районного маслихата                        А. Тюлюбаев

      СОГЛАСОВАНО:

      Руководитель государственного
      учреждения "Отдел экономики
      и бюджетного планирования
      акимата Карабалыкского района"
      ___________________ Н. Бодня