Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 маусымдағы "Екібастұз қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін 2013 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" N 547/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 25 қазандағы N 1059/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 21 қарашада N 3614 болып тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысының 2014 жылғы 31 қаңтардағы N 24/1-23/91 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысының 31.01.2014 N 24/1-23/91 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 маусымдағы "Екібастұз қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін 2013 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" N 547/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3565 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 шілдедегі N 28 (1774) "Отарқа" және N 28 (2986) "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) (бұдан әрі – қаулы) келесі өзгеріс енгізілсін:
      қаулының 1-тармағындағы "бір процент мөлшерінде" сөздері "бес процент мөлшерінде" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Екібастұз қаласының әкімі                  А. Вербняк

О внесении изменения в постановление акимата города Экибастуза от 11 июня 2013 года N 547/6 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в городе Экибастузе на 2013 год"

Постановление акимата города Экибастуза Павлодарской области от 25 октября 2013 года N 1059/10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 21 ноября 2013 года N 3614. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо руководителя аппарата акима города Экибастуза Павлодарской области от 31 января 2014 года N 24/1-23/91)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо руководителя аппарата акима города Экибастуза Павлодарской области от 31.01.2014 N 24/1-23/91).

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 18 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 5-5) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат города Экибастуза ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Экибастуза от 11 июня 2013 года N 547/6 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в городе Экибастузе на 2013 год" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов N 3565, опубликовано 11 июля 2013 года в газете "Отарқа" N 28 (1774) и "Голос Экибастуза" N 28 (2986) (далее – постановление) следующее изменение:
      в пункте 1 постановления слова "в размере одного процента" заменить словами "в размере пяти процентов".
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на курирующего заместителя акима города Экибастуза.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Экибастуза                     А. Вербняк