Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 18.10.2013 N 438/6 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылға Ертіс ауданы аумағында тұратын тұрғындардың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
2) әйелдер үшін 50 жастан асқан және ерлер үшін 55 жастан асқан тұлғалар;
3) ұзақ уақыт (он екі ай және бұдан да артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
4) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
5) дәрігерлік-кеңестік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулі тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж. Шұғаев