Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 29.09.2014 N 16/40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 7-бабы 3-тармағы 4)-тармақшасына және 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 Қаулысының 2-тармағына сәйкес, Май аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Май ауданының елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттері есебінен жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде көтерме жәрдемақы айқындалсын.
2. Май ауданының елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына республикалық бюджеттің бюджет кредиттері есебінен бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейін тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік несие берiлсiн.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау мен қадағалау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Кәрімов |
Аудандық мәслихатының хатшысы | Ғ. Арынов |