Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 12.12.2013 N 529/12 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық округтер және ауыл әкімдеріне кандидаттардың сайлаушыларымен кездесулер өткізу үшін үй-жай ретінде Павлодар ауданы әкімі аппараты ғимаратының мәжіліс залы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н.О. Сағандықовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Бастенов
"КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы А. Әшірбекова
24 маусым 2013 жыл