Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімі аппарат басшысының 27.01.2015 N 33/5-22/49 хатымен).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуды мұқтаж ететін мүгедектерді жұмысқа қабылдау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Павлодар ауданы аумағында жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2.
"Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамаларды беру жолымен мұқтаж мүгедектерді квота белгіленген жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
3.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4.
Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
Н. Сағандықов |