Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 09.10.2013 N 350/9 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 30-бабының 1-тармағы, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағы негiзiнде, Шарбақты ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi белгiленсiн: елдi мекендер аумақтарын көрiктендiру және тазалау.
2. Қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаға сотталғандармен жазаны өтеу орны: Шарбақты ауданы әкімдігінің "Қайнар" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны, Шарбақты ауданы әкімдігінің "Ланта" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
3. Ауыл округтерінің әкiмдерi Шарбақты аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының келiсiмiмен қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаны өтеуге арналған объектiлердiң тiзiмдерiн соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Бақтылы Қайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Е. Асқаров