Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 22.05.2014 N 2/385 қаулысымен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 8 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімдігінің 16.09.2013 N 3/794 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызметтердің регламенттері бекітілсін:
1) «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»;
2) «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту»;
3) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
4) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру».
2. Алматы қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2012 жылғы 11 маусымдағы № 2/537 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 943 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 шілдедегі «Вечерний Алматы» газетінің № 89-90 санында және 2012 жылғы 21 шілдедегі «Алматы ақшамы» газетінің № 88-89 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б. Сауранбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Алматы қаласының әкімі А. Есімов
Енгізуші:
Алматы қаласы Жер қатынастары
басқармасының бастығы Қ. Қашқымбаев
Келісілді:
Алматы қаласы әкімінің
орынбасары Б. Сауранбаев
Мемлекеттік қызметтерді көрсету
сапасының сақталуын бақылау
бөлімінің меңгерушісі М. Сүйіндіков
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің меңгерушісі А. Қасымова
Алматы қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 29 наурыздағы № 1/294
қаулысымен бекітілді
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің
кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы Регламентте келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
жер қатынастары бойынша уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);
2. Жалпы ережелер
2. Осы мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) стандартының сақталуын қамтамасыз ету талаптарын белгілейді.
Мемлекеттік қызметті регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген уәкілетті орган көрсетеді.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 10, 11 және 14-1 баптарының негізінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы бекiтілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне арналған талаптар
7. Мемлекеттік қызмет:
күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндері.
Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен 9.00-ден 18.00-ге дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардағы стенділерде (регламенттің 1 қосымшасына сәйкес) және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында www.almaty.kz орналастырылады.
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін регламенттің 13 тармағында көрсетілген құжаттар уәкілетті органға тапсырылады.
Қабылданған құжаттарды уәкілетті органның маманы тексереді және уәкілетті органның басшысына береді. Уәкілетті органның басшысы құжаттар мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және жауапты маманға (құжат түскен күні ішінде) береді.
Жауапты маман жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін қарайды, зерттейді және растығын тексереді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган басшысына бекітуге береді;
Уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін бекітеді және мемлекеттік қызметті алушыға беру үшін жауапты маманға тапсырады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет алушы регламенттің 13 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік – 3 жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;
3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.
11. Мемлекеттік қызмет алушы осы регламенттің 13-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
Мемлекеттік қызмет алушыға көрсетілген өтінім келіп түскен күнінен бастап бір күн ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін бекітуді тоқтатуға себеп болған құжатты, рәсімдеудің тоқтатылуын жоюға мемлекеттік қызмет алушының қажетті іс-әрекеттерін көрсете отырып және оның мерзімі туралы жазбаша хабардар етеді.
Уәкілетті орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет алушыға бекiтілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін немесе қызмет беруден бас тарту туралы уәжделген жауап бермеген жағдайда, онда беру мерзімінің өткен күнінен бастап жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі бекітілді деп есептеледі.
Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, уәкілетті орган оларды 6 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет
(өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
12. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдау барысында кіріс құжаттарын есепке алу журналына тиісті жазу жазады. Мемлекеттік қызмет алушыға регламенттің 13 тармағында көрсетілген құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:
1) өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
2) сұралған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін уәкілетті органға келесі құжаттар тапсырылуы қажет:
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 2 қосымшасына сәйкес өтініш;
мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлғаға;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі, заңды тұлғаның өкілеттігін куәландыратын құжат және мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлғаларға;
Стандарттың 3 қосымшасына сәйкес мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорын есептеген жер учаскесінің бағалау құнын айқындау актісі;
Жер комиссиясының жер учаскесін жеке меншікке беру туралы оң қорытындысының көшірмесі;
Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін қайтарылады.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сипаттамасы регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.
15. Уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсету реттілігі мен өзара байланысының сипаттамасы регламенттің 3 қосымшасында келтірілген.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға уәкілетті орган жауапты болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы мекенжайлары мен телефондары регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген тиісті уәкілетті органның жауапты лауазымды тұлғасына жүгіне алады.
17. Жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдемдесу үшін мемлекеттік қызметті алушы регламенттің 1 қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетілген уәкілетті органның жауапты лауазымды тұлғасына жүгіне алады.
1-қосымша
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттiк қызметін көрсету бойынша уәкiлеттi органның байланыс деректері
Жер |
Орналасқан |
Мемле- |
Байланыс |
Жұмыс кестесі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
«Алматы қаласы |
Алматы қала- |
Басқар- |
8-727-300-07-06, ф. 378-46-81 |
Демалыс |
2-қосымша
Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту
іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (жұмыс барысы, ағыны) |
|||||
1 |
Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) № |
1 |
2 |
3 |
4 |
2 |
Құрылымдық- |
Уәкілетті |
Уәкілетті |
Уәкілетті |
Уәкілетті |
3 |
Іс әрекеттің |
Мемлекеттік |
Құжат |
Құжаттарды |
Құжаттарды |
4 |
Аяқтау |
Уәкілетті |
Құжаттарды |
Уәкілетті |
Мемлекет- |
5 |
Орындау |
Түскен жұмыс күні |
1 жұмыс |
1 жұмыс |
3-қосымша
Реттілік сипаттамасы. Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің есебі
Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі: 3 жұмыс күні
Алматы қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 29 наурыздағы № 1/294
қаулысымен бекітілді
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы Регламентте келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
жер қатынастары бойынша уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті орган).
жерге орналастыру жобасы - жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасы.
2. Жалпы ережелер
2. Осы жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) стандартының сақталуын қамтамасыз ету талаптарын белгілейді.
Мемлекеттік қызметті 1 қосымшасында көрсетілген уәкілетті орган көрсетеді.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің (бұдан әрі-Жер кодексі) 14-1, 43, 44, 150 және 151 баптарының негізінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекiтілген жерге орналастыру жобасы (бұдан әрі – жерге орналастыру жобасы) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне арналған талаптар
7. Мемлекеттік қызмет:
күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндері.
Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен және алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардағы стенділерде (регламенттің 1 қосымшасына сәйкес) және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсындаwww.almaty.kz орналастырылады.
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін регламенттің 13 тармағында көрсетілген құжаттар уәкілетті органға тапсырылады.
Өтініш бланкілері мекенжайлары және телефондары осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның кеңсе қызметкерлерімен беріледі.
Құжаттарды қабылдау жер учаскесінің орналасқан орнына байланысты осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның уәкілетті тұлғасымен жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы қабылданған құжаттаманы тіркейді және уәкілетті органның басшысына береді. Уәкілетті орган басшысы түскен құжаттарды қарайды, бұрыштама қояды және жұмыс күні ішінде тиісті құрылымдық бөлімшеге береді.
Уәкілетті органның орындаушысы құжаттардың толықтығын, заңнамаға сәйкестігін тексереді, жауап жобасын дайындайды және 4 (төрт) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган басшысына қол қоюға жібереді.
Уәкілетті орган басшысы орындалған құжаттың негізділігін тексереді, қол қояды және уәкілетті орган кеңсесіне 1 (бір) жұмыс күні ішінде береді.
Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде бекітілген жерге орналастыру жобасын мемлекеттік қызмет алушыға беру үшін рұқсат пен уәжделген жауапты немесе уәжделген бас тарту туралы жауапты қабылдайды және тіркейді.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет алушы регламенттің 13 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік – 7 күн;
2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;
3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.
11. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады, егер құрастырылған жерге орналастыру жобасы:
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына және нормаларына;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiне сәйкес болмаған жағдайда.
Осы регламенттің 13-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушының құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын уақытта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде жазбаша хабардар етеді.
Уәкілетті орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет алушыға бекiтілген жерге орналастыру жобасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап бермеген жағдайда, онда беру мерзімінің өткен күнінен бастап жерге орналастыру жобасы бекітілді деп есептеледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет
(өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
12. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдау барысында кіріс құжаттар есебі кітабына тиісті жазу жазады. Мемлекеттік қызметті алушыға құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:
1) өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын берген кезде:
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 2 қосымшасына сәйкес нысандағы жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;
Алматы қаласы Жер комиссиясының жер учаскесін жеке меншікке беру туралы оң қорытындысының көшірмесі;
жобаланып отырған учаскенің орналасу орнының (жерге орналастыру объектісінің шекарасы мен олардың координаттары) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі графикалық мәліметтерге сәйкестігі бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынмен келісілген жерге орналастыру жобасы;
жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі (қажет болғанда);
мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі, заңды тұлғаның өкілеттігін куәландыратын құжат және мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлға үшін.
Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін қайтарылады.
2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысандағы жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;
жобаланып отырған учаскенің орналасу орнының (жерге орналастыру объектісінің шекарасы мен олардың координаттары) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі графикалық мәліметтерге сәйкестігі бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынмен келісілген жерге орналастыру жобасы;
жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі (қажет болғанда);
мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі, заңды тұлғаның өкілеттігін куәландыратын құжат және мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлға үшін.
Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін қайтарылады.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сипаты регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.
15. Уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсету реттілігі мен өзара байланысының сипаттамасы регламенттің 3 қосымшасында келтірілген.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға уәкілетті орган жауапты болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы мекенжайы мен телефондары регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның жауапты лауазымды тұлғасына жүгіне алады.
17. Уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдемдесу үшін мемлекеттік қызмет алушы регламенттің 1 қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетілген уәкілетті органмен белгіленген жауапты лауазымды тұлғаға жүгіне алады.
Шағымды қарау нәтижелері жазбаша түрде пошта арқылы хабардар етіледі.
1-қосымша
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттiк қызметін көрсету бойынша уәкiлеттi органның байланыс деректері
Жер |
Орналасқан |
Мемле- |
Байланыс |
Жұмыс кестесі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
«Алматы қаласы |
Алматы қала- |
Басқар- |
8-727-300-07-06, ф. 378-46-81 |
Демалыс |
2-қосымша
Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (жұмыс барысы, ағыны) |
||||||
1 |
Іс-әрекет- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
2 |
Құрылымдық |
Уәкілетті |
Уәкілетті |
Уәкілетті |
Уәкілетті |
Уәкілетті |
3 |
Іс-әрекет- |
Мемлекет- |
Түскен |
Құжаттар- |
Құжаттың |
Мемлекеттік |
4 |
Аяқтау |
Мемлекет- |
Құжаттар- |
Уәкілетті |
Уәкілетті |
Бекітілген |
5 |
Орындау |
Құжаттардың түсуіне |
4 жұмыс |
1 жұмыс |
1 жұмыс күні ішінде |
|
6 |
Келесі |
2 бағана |
3 бағана |
4 бағана |
5 бағана |
3-қосымша
Реттілігі мен өзара байланысының сипаттамасы. Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің есебі
Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі: 7 күн
Алматы қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 29 наурыздағы № 1/294
қаулысымен бекітілді
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы Регламентте келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты - жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;
жер учаскесі – жер заңнамаларында белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат - осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесіне иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы;
жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
жер қатынастары бойынша уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті орган).
2. Жалпы ережелер
2. Осы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) сақталуын қамтамасыз ету талаптарын белгілейді.
Мемлекеттік қызметті регламенттің 1-қосымшасында мекенжайы көрсетілген Алматы қаласының әкімдігі көрсетеді (бұдан әрі - әкімдік).
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 17, 18, 49-1 баптарының негізінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы немесе жер учаскесінің пайдалану мақсатын өзгертуге шешім (бұдан әрі – шешім) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне арналған талаптар
7. Мемлекеттік қызмет әкімдікке жүгінген жағдайда көрсетіледі.
Әкімдіктің жұмыс кестесі: күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндері.
Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік қызмет Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін регламенттің 13-тармағында көрсетілген құжаттар әкімдікке тапсырылады. Ғимаратта анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер, өтініш бланкілері бар тағандар орналастырылады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (пандус, лифт) көзделген.
Әкімдік кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті алушыдан құжаттарды қабылдайды және тіркейді. Құжаттарды тіркегеннен кейін құжаттар топтамасы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Алматы қаласының әкіміне тапсырылады.
Алматы қаласының әкімі немесе оның орнындағы адам құжаттарды қарайды және бұрыштама қояды. Кеңсе қызметкері құжаттарды келесі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға береді.
Уәкілетті орган басшысы түскен құжаттарды қарайды және жауапты маманға береді (уәкілетті органға түскен жұмыс күнінің ішінде);
Уәкілетті органның жауапты маманы (бұдан әрі - Орындаушы) құжаттардың заңнамаға сәйкестігін қарайды, түскен құжаттардың толықтығын тексереді және сұрау хатты сәулет және қала құрылысының уәкілетті органына (бұдан әрі - СжҚБ) 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде жібереді;
СжҚБ құжаттармен келіседі және 4 (төрт) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға береді;
Уәкілетті органның маманы құжаттардың заңнамаға сәйкестігін қарайды, құжаттардың толықтығын тексереді, жер учаскелерін беру бойынша Алматы қаласы Жер комиссиясының қарауына материалдарды дайындайды. 4 (төрт) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган басшысына келісу үшін береді;
Уәкілетті органның басшысы материалдарды келіседі және 1 (бір) жұмыс күні ішінде комиссияның қарауына жібереді.
Жер комиссиясының отырысында қаралғаннан кейін жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі немесе бас тарту туралы шешім 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ресімделеді;
Тиісті құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері әкімдіктің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы немесе уәжделген бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде әкімдікке материалдарды шешім қабылдау үшін жібереді;
Әкімдік жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе бас тарту туралы шешімді 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды;
Әкімдік жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе бас тарту туралы шешімнің көшірмесін мемлекеттік қызметті алушыға 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет алушы регламенттің 13 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік – 37 күн;
2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;
3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.
11. Құқықтық режимі, жер учаскесінің санатқа тиесілілігі және жерді аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсат етілген пайдалану негізінде нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру мүмкін емес болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
Регламенттің 13 тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушының құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын уақытта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде жазбаша хабардар етеді.
Әкімдік белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет алушыға шешімді бермеген жағдайда, онда беру мерзімінің өткен күнінен бастап шешім берілді деп есептеледі.
Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, уәкілетті орган оларды 6 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет
(өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
12. Әкімдік кеңсесінің қызметкерімен мемлекеттік қызмет алушыға регламенттің 13 тармағында көрсетілген құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:
1) өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 2 қосымшасына сәйкес өтініш;
жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі;
салықтық қарыздың жоқтығы туралы салық органдарынан анықтама;
жер учаскесіне ауыртпалықтардың жоқтығы туралы әділет органдарынан анықтама;
жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісі (қажет болғанда);
елді мекеннің бас жоспарына сәйкес құрылыс объектілерін салған жағдайда, жылжымайтын мүліктердің әр бұрынғы меншік иесімен жер учаскесін сатып алу бойынша жасалған келісім шарттың көшірмесі (қажет болғанда);
жылжымайтын мүлік объектісіне құқықты куәландыратын құжаттың көшірмесі (қажет болғанда);
жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық төлқұжаты (қажет болғанда);
мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлғаға;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі, заңды тұлғаның өкілеттігін куәландыратын құжат және мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлғаларға;
Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін қайтарылады.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сипаттамасы регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.
15. Уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсету реттілігі мен өзара байланысының сипаттамасы регламенттің 3 қосымшасында келтірілген.
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға әкімдік жауапты болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы мекенжайлары мен телефондары регламенттің
1 қосымшасында көрсетілген әкімдіктің жауапты лауазымды тұлғасына жүгіне алады.
17. Уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдемдесу үшін мемлекеттік қызмет алушы әкімдіктің регламенттің 1 қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетілген жауапты лауазымды тұлғасына жүгіне алады.
1-қосымша
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттiк қызметін көрсету бойынша жергілікті атқарушы органның байланыс деректері
Жергілікті |
Орналасқан |
Мемлекеттiк |
Байланыс |
Жұмыс кестесі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Алматы |
Алматы қаласы, |
Мемлекеттік |
8-727- |
Демалыс |
2-қосымша
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту
іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (жұмыс барысы, ағыны) |
||||||||
1 |
Іс-әре- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
2 |
Құры- |
Әкімдік |
Алматы |
Уәкі- |
Уәкілет- |
Сәулет |
Уәкі- |
Уәкі- |
3 |
Іс әре- |
Мемле- |
Құжат- |
Құжат- |
Құжат- |
Құжат- |
Құжат- |
Мате- |
4 |
Аяқтау |
Құжат- |
Құжат- |
Түскен |
СжҚҚБ-ға |
Келісу |
Уәкі- |
Мате- |
5 |
Орындау |
1 жұмыс |
келесі |
уәкі- |
1 жұмыс |
4 жұмыс |
4 |
1 |
6 |
Келесі |
2 |
3 |
4 |
5 бағана |
6 |
7 |
8 |
1 кестенің жалғасы
Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (жұмыс барысы, ағыны) |
|||||
1 |
Іс-әре- |
8 |
9 |
10 |
11 |
2 |
Құрылым- |
Комиссия |
Уәкілетті |
Әкімдік |
Әкімдік |
3 |
Іс |
Түскен |
Жер |
Жер |
Мемлекеттік |
4 |
Аяқтау |
Түскен |
Жер |
Жер |
Мемлекеттік |
5 |
Орындау |
1 жұмыс |
3 жұмыс күні |
5 жұмыс күні |
3 жұмыс күні |
6 |
Келесі |
9 бағана |
10 бағана |
11 бағана |
11 |
3 қосымша
Реттілігі мен өзара байланысының сипаты.
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің есебі
Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі: 37 күнтізбелік күнге дейін
Алматы қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 29 наурыздағы № 1/294
қаулысымен бекітілді
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін
пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы Регламентте келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
жергілікті атқарушы органдар шешімдері – іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілер;
жер қатынастары бойынша уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті орган).
2. Жалпы ережелер
2. Осы іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) стандартының сақталуын қамтамасыз ету талаптарын белгілейді.
Мемлекеттік қызметті регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген Алматы қаласының әкімдігі (бұдан әрі - әкімдік) көрсетеді.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 17, 18, 71 баптарының негізінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру (бұдан әрі – рұқсат) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне арналған талаптар
7. Мемлекеттік қызмет әкімдікке өтініш білдірген кезде:
Әкімдіктің жұмыс кестесі: күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндері.
Құжаттарды қабылдау 9.00-ден 18.00-ге дейін кезекке тұру тәртібімен және алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат әкімдіктің www.almaty.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін регламенттің 13 тармағында көрсетілген құжаттар әкімдікке тапсырылады. Ғимаратта анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер, өтініш бланкілері бар тағандар орналастырылады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (пандус, лифт) көзделген.
Әкімдік кеңсесінің қызметкері түскен құжаттарды қарайды және құжаттар топтамасын Алматы қаласының әкіміне 1 (бір) жұмыс күні ішінде тапсырады;
Алматы қаласының әкімі немесе оның орнындағы тұлға құжаттарды қарайды және бұрыштама қояды. Кеңсе қызметкері құжаттарды келесі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тапсырады.
Уәкілетті орган басшысы түскен құжаттарды қарайды және жауапты маманға береді (уәкілетті органға түскен жұмыс күнінің ішінде).
Уәкілетті органның жауапты маманы түскен құжаттардың заңнамаға сәйкестігін тексереді, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi мен орман қорының жері саласындағы уәкілетті органға келісу үшін жібереді;
Келісім алынғаннан кейін әкімдіктің іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру немесе бас тарту туралы шешімінің жобасы дайындалады және әкімдікке рұқсат беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдау үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді;
Әкімдік іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру немесе бас тарту туралы шешімді 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылдайды;
Әкімдік іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру немесе бас тарту туралы шешімнің көшірмесін мемлекеттік қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет алушы регламенттің 13 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік – 10 күн;
2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;
3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.
11. Маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстары жүргізілген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.
Регламенттің 13 тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын уақытта, уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде жазбаша хабардар етеді.
Егер әкімдік белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті алушыға рұқсат бермеген жағдайда, онда беру мерзімінің өткен күнінен бастап рұқсат берілді деп есептеледі.
Егер мемлекеттік қызмет алушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, әкімдік оларды 6 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет
(өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
12. Әкімдіктің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға регламенттің 13 тармағында көрсетілген құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:
1) өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 2 қосымшасына сәйкес нысанда, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы мерзімдерін, орналасқан жері мен көлемі көрсетілген және заңды тұлғадан өтініш;
заңды тұлға ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі – заңды тұлға үшін;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
жеке кәсіпкер ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі – жеке кәсіпкер үшін;
іздестіру жұмыстарын жүргізуге тапсырманың көшірмесі;
іздестіру жұмыстарын жүргізу аймағының жоспары (сызбасы);
мемлекеттік қызметті алушы бекіткен іздестіру жұмыстарын жүргізу бойынша графигі;
кепіл хат – топырақ қабатын бүлдірген кезде топырақ қабатын қалпына келтіруді, сондай-ақ келтірілген зиянды төлеу кезінде (қажет болған жағдайда) және жерді нысаналы мақсатында пайдалану үшін оларды пайдалануға жарамды қалпына келтіру жөніндегі іздестіру жұмыстарын орындаушылардың міндеттемесі.
Құжаттардың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сипаттамасы регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.
15. Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметті көрсету реттілігі мен өзара байланысының сипаттамасы регламенттің 3 қосымшасында келтірілген.
6. Мемлекеттік қызметтер көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға әкімдік жауапты болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы әкімдіктің мекенжайы мен телефондары регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген жауапты лауазымды тұлғасына жүгіне алады.
17. Уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдемдесу үшін мемлекеттік қызметті алушы әкімдіктің регламенттің 1 қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетілген жауапты лауазымды тұлғасына жүгіне алады.
1-қосымша
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін
пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк қызметін көрсету бойынша
жергілікті атқарушы органның байланыс деректері
Жергілікті |
Орналасқан |
Мемлекеттiк |
Байланыс |
Жұмыс кестесі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Алматы |
Алматы қаласы, |
Мемлекеттік |
8-727- |
Демалыс |
2-қосымша
Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін
пайдалануға рұқсат беру іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (жұмыс барысы, ағыны) |
||||||
1 |
Іс-әре- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
2 |
Құрылым- |
Алматы |
Алматы |
Уәкілетті |
Уәкілетті |
Алматы |
3 |
Іс |
Мемлекеттік |
Құжаттарды |
Құжаттарды |
Құжаттардың |
Іздесті- |
4 |
Аяқтау |
Құжаттар |
Құжаттарды |
Түскен |
Алматы |
Іздесті- |
5 |
Орындау |
1 жұмыс |
келесі |
уәкілетті |
3 жұмыс |
4 жұмыс |
3-қосымша
Реттілігі мен өзара байланысының сипаттамасы. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің есебі
Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі: 10 жұмыс күні