Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" 2013 жылғы 29 наурыздағы № 1/294 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі N 3/794 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 қазанда N 1007 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» 2013 жылғы 29 наурыздағы № 1/294 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 976 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 мамырда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      қаулының кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 8 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі
№ 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б. Сауранбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Алматы қаласының әкімі                 А. Есімов


      Енгізуші:

      Алматы қаласы Жер қатынастары
      басқармасының басшысы                  Қ. Қашқымбаев

      Келісілді:

      Алматы қаласы әкімінің
      орынбасары                             Б. Сауранбаев

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету
      сапасының сақталуын бақылау
      бөлімінің басшысы                      М. Сүйіндіков

      Алматы қаласы әкімі аппараты
      заң бөлімінің басшысы                  А. Қасымова


О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 29 марта 2013 года № 1/294 "Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере земельных отношений в городе Алматы"

Постановление акимата города Алматы от 16 сентября 2013 года N 3/794. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Алматы 4 октября 2013 года за N 1007

       В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Алматы «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере земельных отношений в городе Алматы» от 29 марта 2013 года № 1/294 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 976, опубликованное 14 мая 2013 года в газетах «Алматы ақшамы» и «Вечерний Алматы») следующее изменение:
      преамбулу изложить в следующей редакции:
      «В соответствии со статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах», Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», от 8 января 2013 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оптимизации и автоматизации социально значимых государственных услуг», от 15 апреля 2013 года «О государственных услугах», постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 ноября 2012 года № 1392 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере земельных отношений, геодезии и картографии и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 «Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам» в целях повышения качества предоставления государственных услуг акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:».
      2. Управлению земельных отношений города Алматы обеспечить размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Алматы.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Алматы Б. Сауранбаева.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы                   А. Есимов

Вносит:

Руководитель Управления земельных
отношений города Алматы                    К. Кашкимбаев

Согласовано:

Заместитель акима
города Алматы                              Б. Сауранбаев
Руководитель отдела контроля
за соблюдением качества
предоставления государственных
услуг                                      М. Суюндуков
Руководитель юридического отдела
аппарата акима города Алматы               А. Касымова