Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 06.01.2015 N 2.1-11/05 хаты).
«Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 487-бабына және 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 38-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТI:
1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жер беті көздерінен Есіл өзені бассейінінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2014 жылға арналған төлем ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан |
С. Тимофеев |
Солтүстік Қазақстан облыстық |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2014 жылға арналған Есіл бассейнінің жер беті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкаларының мөлшерлері
Арнайы су пайдалану түрі |
Өлшем бірлігі |
Базалық ставка (теңге) |
2013 жылға арналған базалық ставка (теңге) |
Инфляция коэффиценті |
2014 жылға арналған төлем ставкасы (теңге) 5 бағ*6 бағ |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Тұрмыстық-пайдалану және коммуналдық қызметтер |
1000 текше м. |
61 |
89,59 |
1,07 |
95,86 |
2 |
Жылуэлектр қуатын қоса алғанда өнеркәсіп |
1000 текше м. |
169 |
248,19 |
1.07 |
265,56 |
3 |
Ауыл шаруашылығы |
1000 текше м. |
48 |
70,49 |
1.07 |
75,42 |
4 |
Су көздерінен су жинауды жүзеге асыратын тоған шаруашылығы |
1000 текше м. |
48 |
70,49 |
1,07 |
75,42 |
5 |
Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулайтын тұтынушылар |
1 тонна |
122 |
179,16 |
1.07 |
191,70 |
6 |
Гидроэнергетика |
1000 кВт/сағ. |
17 |
24,96 |
1,07 |
26,71 |
7 |
Су көлігі |
1000 т.км |
5 |
7,35 |
1,07 |
7,86 |