Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасарының 4.05.2014 N 7.1.8-12/184 хаты)
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында тұратын мақсатты топтарға жататын тұлғалардың 2013 жылға арналған мақсатты топтарды анықтау және қосымша тізбесін анықтау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 2235 тіркелген, 2013 жылғы 2 тамыздағы «Есіл таңы» және «Ишим» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 5) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Айнагүл Кәкімжолқызы Бектасоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі М. Әбішев