Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 11.06.2014 N 28-4 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудан әкімі мәлімдеген қажеттілікті есепке ала отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2014 жылы ұсынылсын:
1) өтініш берген кезеңіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) өтініш берген кезеңіне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 11.06.2014 N 28-4 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
2. Осы шешімнің 1-тармағындағы 1) және 2) тармақшалардың күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихаты сессиясының төрағасы В. Чернышов
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының хатшысы Т. Әбілмәжінов