Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты 28.11.2014 N 11.1.2-1002 хаты).
«Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, «Әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмi ШЕШТI:
1. 2014 жылдың қаңтарынан бастап наурызға дейiн тiркеу жылы 17 жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң әскерге шақыру учаскесiнде (келiсiм бойынша) тiркеуi және медициналық куәландырылуы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң орынбасары Е.М. Бекшеновке жүктелсiн.
3. Осы шешiм оны алғашқы рет жариялағаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Солтүстік Қазақстан облысы |
В. Бубенко |