Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 20.10.2014 N 521 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабы 4, 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының" 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1-қосымшаға сәйкес, Тайынша аудандық сайлау комиссясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында Тайынша қаласы мен селолық округ әкімдеріне барлық үміткерлері үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. 2-қосымшасының тізбесіне сәйкес, Тайынша аудандық сайлау комиссясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында Тайынша қаласы мен селолық округ әкімдеріне барлық үміткерлеріне таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін шарттық негізінде үй-жайлар берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тайынша ауданы әкімі аппаратының басшысы У.Б. Бейсембаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 23 шілдесінен бастап туындаған қатынастарға таралады.
Солтүстік Қазақстан облысы |
С.Салтықов |
Тайынша ауданы әкімдігінің |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында Тайынша қаласы мен селолық округ әкімдеріне үміткерлерінің үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
№ |
Ауылдық (селолық) округтің, елді мекен атауы |
Сайлау алды үгіттеудің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін конструкциялардың орналасқан жері |
1 |
Тайынша қ. |
«Достық» орталық алаңындағы тумбалары. |
Тайынша ауданы әкімдігінің |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында Тайынша қаласы мен селолық округ әкімдеріне барлық үміткерлеріне таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін шарттық негізінде берілетін үй-жайлар тізбесі
№ |
Ауылдық (селолық) округтің, елді мекен атауы |
Таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай |
1 |
Тайынша қ. |
Аудандық мәдениет үйі Железнодорожный мөлтек ауд. № 15. |