"Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы N 182 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы N 157 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 қаңтарда 2511 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 30 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 28.10.2016 № 30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 08 ақпандағы № 182 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде 2010 жылғы 18 наурыздағы № 13-11-172 тіркелген, "Тайынша Таңы" 2010 жылғы 16 сәуірдегі аудандық газетінде, "Тайыншинские вести" 2010 жылғы 16 сәуірдегі аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларында:
      1) 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      1. "Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тайынша ауданы аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) мынадай төлемдер үшін көрсетіледі:
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады";
      2) 2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеуге жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі";
      3) 3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - Тайынша ауданының тұрғындары үшін телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне 10 % көлемінде белгіленеді.";
      4) 7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (әрі қарай өтініш беруші) тұрғын үй көмегін жүзеге асыратын уәкілетті органға (әрі қарай уәкілетті орган) жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының
XXII-ші сессиясының төрағасы
Т. Сәрсембаев
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының хатшысы
Қ. Шәріпов

О внесении изменений в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 8 февраля 2010 года N 182 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 25 декабря 2013 года N 157. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 23 января 2014 года N 2511. Утратило силу решением маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 28 октября 2016 года № 30

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 28.10.2016 № 30 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии со статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", маслихат Тайыншинского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:
      1. Внести в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 8 февраля 2010 года № 182 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13-11-172 от 18 марта 2010 года, опубликовано в районной газете от 16 апреля 2010 года "Тайынша Таңы", в районной газете от 16 апреля 2010 года "Тайыншинские вести") следующие изменения:
      в Правилах оказания жилищной помощи, утвержденных указанным решением:
      1) пункт 1 изложить в новой редакции:
      "1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим на территории Тайыншинского района на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений";
      2) пункт 2 изложить в новой редакции:
      "2. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетами на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания)";
      3) пункт 3 изложить в новой редакции:
      "3. Доля предельно-допустимых расходов является отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, к совокупному доходу семьи (гражданина) для жителей Тайыншинского района устанавливается в размере 10 процентов.";
      4) пункт 7 изложить в новой редакции:
      "7. Для назначения жилищной помощи семьям (гражданин) (далее - заявитель) обращается в уполномоченный орган, осуществляющий назначения жилищной помощи (далее - уполномоченный орган) представляет следующие документы:
      1) копию документа, удостоверяющего личность заявителя;
      2) копию правоустанавливающего документа на жилище;
      3) копию книги регистрации граждан;
      4) документы, подтверждающие доходы семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений;
      5) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);
      6) счета на потребление коммунальных услуг;
      7) квитанцию- счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи.";
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2014 года.
      Председатель
XXII сессии маслихата
Тайыншинского района
Северо-Казахстанской области
Т. Сарсембаев
      Секретарь маслихата
Тайыншинского района
Северо-Казахстанской области
К. Шарипов