Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 26.12.2013 N 387 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығып қалғанның орнына Тимирязев аудандық мәслихаты депутаттығына барлық кандидаттар үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес орындар (келісім бойынша) Тимирязев аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп анықталсын.
2. Шығып қалғанның орнына Тимирязев аудандық мәслихаты депутаттығына барлық кандидаттарға Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жай шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Л.А. Плотниковаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 2 қазаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі Е. Базарханов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Тимирязев аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Ж. Мәкенова
2013 жылғы 6 қыркүйек
Аудан әкімдігінің
2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 242
қаулысына 1-қосымша
Шығып қалғанның орнына Тимирязев аудандық мәслихаты депутаттығына барлық кандидаттар үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
р/н |
Ауылдық округ, елді мекеннің атауы |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1 |
Дмитриевский ауылдық округі, Дмитриевка ауылы |
Дмитриевка орта мектебінің ғимаратына жанайтын аумақта орналасқан стенд, Абай көшесі, 22 |
2 |
Дмитриевский ауылдық округі, Жарқын ауылы |
Жарқын орта мектебінің ғимаратына жанайтын аумақта орналасқан стенд, Школьная көшесі, 30 |
3 |
Дмитриевский ауылдық округі, Ынтымақ ауылдық |
Ынтымақ бастауыш мектебінің ғимаратына жанайтын аумақта орналасқан стенд, Центральная көшесі, 11 |
Аудан әкімдігінің
2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 242
қаулысына 2-қосымша
Шығып қалғанның орнына Тимирязев аудандық мәслихаты депутаттығына барлық кандидаттарға Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде ұсынылған үй-жай
р/с № |
Ауылдық округ, елді мекеннің атауы |
Сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жай |
1 |
Дмитриевский ауылдық округі, Дмитриевка ауылы |
Дмитриевка орта мектебінің мәжіліс залы, Абай көшесі, 22 |