Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 27, 37-баптарына сәйкес, Атырау облысы Махамбет аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған облыстық мәслихат кезектен тыс ХІV сессиясында ШЕШТІ:
1. Атырау облысы Махамбет ауданы Сарытоғай селолық округі таратылсын.
2. Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет селолық округінің шекарасы өзгертіліп, оның аумағына таратылған Атырау облысы Махамбет ауданы Сарытоғай селолық округінің Сарытоғай селосы енгізілсін.
3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика, құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Б. Мұқатановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және олар алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Облыс әкімі
А. Ғабдуллин Б. Ізмұхамбетов
Мәслихат хатшысы С. Лұқпанов