Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 27, 37-баптарына сәйкес, Атырау облысы Қызылқоға ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХІХ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облысы Қызылқоға ауданының елді мекендері:
1) Сағыз селолық округінің Шолақсай ауылы, аумағын Сағыз селосының құрамына қосу арқылы;
2) Ойыл ауылдық округінің Балабейіт ауылы, аумағын Жасқайрат ауылының құрамына қосу арқылы;
3) Жамбыл ауылдық округінің Мәдениет ауылы, аумағын Қаракөл селосының құрамына қосу арқылы таратылсын.
2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Б. Мұқатановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Сессия төрағасы
Б. Ізмұхамбетов Д. Құлжанов
Мәслихат хатшысы С. Лұқпанов