Сағыз селолық округіндегі "Кенбай" елді мекені аумағына карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селолық округі әкімінің 2013 жылғы 05 шілдедегі № 35 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 шілдеде № 2745 тіркелді. Күші жойылды - Қызылқоға ауданы Сағыз селолық округі әкімінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 54 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылқоға ауданы Сағыз селолық округі әкімінің 16.09.2013 № 54 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 92 ұсынысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сағыз селолық округіндегі "Кенбай" елді мекені аумағында ұсақ мүйізді малдар арасында құтыру ауруы ошағының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысын қадағалауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сағыз селолық округінің
      әкімінің міндетін атқарушы                 С. Ахметниязова

      Келісілді:
Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының "Қызылқоға аудандық
орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорынының бас дәрігері                       С. Тайшыбай
05.07.2013 жыл

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Атырау облысы бойынша департаменті
Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы      А. Аймұратова
05.07.2013 жыл

Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима и ограничительных мероприятий на территории населенного пункта "Кенбай" Сагизского сельского округа

Решение акима Сагизского сельского округа Кызылкогинского района Атырауской области от 5 июля 2013 года № 35. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 16 июля 2013 года № 2745. Утратило силу - решением акима Сагизского сельского округа Кызылкогинского района Атырауской области от 16 сентября 2013 года № 54

      Сноска. Утратило силу решением акима Сагизского сельского округа Кызылкогинского района Атырауской области от 16.09.2013 № 54.
      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7)
      -1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора государственного учреждения "Кызылкогинcкая районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" за № 92 от 29 апреля 2013 года РЕШИЛ:
      1. Установить ветеринарный режим карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий на территории населенного пункта "Кенбай" Сагизского сельского округа в связи с выявлением очага бешенства среди мелкого рогатого скота.
      2. Рекомендовать коммунальному государственному предприятию на праве хозяйственного ведения "Кызылкогинская центральная районная больница" Управления здравоохранения Атырауской области (по согласованию), государственному учреждению "Управление государственного санитарно-эпидемиологического надзора по Кызылкогинскому району Департамента Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан по Атырауской области" (по согласованию) принять необходимые меры вытекающие из данного решения.
      3. Контроль за исполнением данного решения оставляю за собой.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Исполняющий обязанности акима
Сагизского сельского округа
С. Ахметниязова

      Cогласовано:
      Главный врач коммунального государственного
предприятия на праве хозяйственного ведения
"Кызылкогинская центральная районная больница"
Управления здравоохранения Атырауской области
05 июля 2013 год
С. Тайшыбай
      Руководитель государственного учреждения
"Управление государственного санитарно-
эпидемиологического надзора по Кызылкогинскому
району Департамента Комитета государственного
санитарно-эпидемиологического надзора
Министерства здравоохранения Республики
Казахстан по Атырауской области"
05 июля 2013 год
А. Аймуратова