Ескерту. Күші жойылды - Мақат аудандық әкімдігінің 2013.08.08 № 238 қаулымен
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағы негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Мақат ауданы бойынша ауылдық округ және кенттер әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
2. "Мақат ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының аудан Мақат ауданы әкімідігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Мақат ауданы әкімі аппаратының басшысы А. Абилгазиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Умаров
КЕЛІСІЛДІ:
Мақат аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Ә. Ерғожиев
22 шілде 2013 ж.
Аудан әкімдігінің
2013 жылғы 22 шілдедегі № 209
қаулысына қосымша
Мақат ауданы бойынша ауылдық округ және кенттер әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізімі
№ |
Мекен-жәйы |
Орналасқан жері |
1 |
Мақат поселкесі, Бәйге-төбе ауылы, 3 |
"Бәйге-төбе орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің алдыңғы алаңындағы стенд |
2 |
Макат поселкесі, Орталық алаңы, 2 |
"Мақат аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының алдыңғы алаңындағы стенд |
3 |
Доссор поселкесі, Завод бөлімшесі, 1 үй |
"Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесінің алдыңғы алаңындағы стенд |