Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2013 жылғы 6 тамыздағы № 145-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 тамызда № 2772 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Макат аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 343-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 21.12.2015 № 343-V шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және аудандық әкімдіктің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 234 қаулысын қарай келіп, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджеттік жоспарлау, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану, табиғатты қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (Д. Алтаева) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс ХVІ сессиясының төрағасы
І. Тасбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы: Т. Жолмағамбетов

  Мақат аудандық мәслихатының
2013 жылдың 6 тамыздағы
№ 145-V шешімімен бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаcы (бұдан әрі - қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық орган есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
      8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      3. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық–тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.
      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
      8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      12. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      15. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      16. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      18. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      19. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      20. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      21. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      23. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      24. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің
оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларына 1-қосымша

       Отбасыны тіркеу нөмірі ____________

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      _________________________ ________________________
      (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекен-жайы, тел.)

Р/с- №
Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
Туған жылы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
       Өтініш берушінің қолы ________________Күні ______________
       Отбасының құрамы туралы
       мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
       органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________
       (қолы)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің
оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларына 2-қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

       20__ ж. "___" _______ _____________________
       (елді мекен)
       1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ________________________________________________________________
       2. Тұратын мекен-жайы ________________________________________________________________
      ________________________________________________________________
       3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш беруге туындаған өмірлік қиын жағдай ________________________________________________________________
      ________________________________________________________________
      ________________________________________________________________
       4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі)
      адам, оның ішінде:

Р/с

Т.А.Ә.
Туған күні
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)
Жұмыспен қамтылмау себебі
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер
Өмірлік қиын жағдай
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
       Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
       Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам.
       Балалардың саны: ______________________________________________
       жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар
      адам, оқу құны жылына ______ теңге.
       Отбасында ҰОС қатысушылардың, ҰОС мүгедектерінің, ҰОС қатысушыларына және ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек):______________________
      ________________________________________________________________
      ________________________________________________________________
       5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):_________________________________________________________
       Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: ________________________
      ________________________________________________________________
      ________________________________________________________________
      ________________________________________________________________
       Отбасының табысы:

Р/с №
Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.
Табыс түрі
Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер
тоқсанға
орта есеппен айына
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
       6. Мыналардың:
       автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ___________________________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ____________________________
      _____________________________________________________________________
       7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
       8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
       9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі ___________________________________________________
       10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы _____
      _____________________________________________________________________
       Комиссия төрағасы:
       ________________________ ________________________
       Комиссия мүшелері:
       ________________________ ________________________
       ________________________ ________________________
       ________________________ ________________________
       ________________________ ________________________
       (қолдары) (Т.А.Ә.)
       Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
       Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
      Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні _____________________________________________________________________(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
      Әлеуметтік көмек көрсетудің,
      оның мөлшерлерін белгілеудің және
      мұқтаж азаматтардың жекелеген
      санаттарының тізбесін айқындаудың
      қағидаларына 3-қосымша

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы 20__ ж. ___ ______

       Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының) ____________________________________________________________________
       (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
      _____________________________________________________________________
       (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
       Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
       Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
       __________________ _______________________
       __________________ _______________________
       __________________ _______________________
       (қолдары) (Т.А.Ә.)
       Қорытынды
       қоса берілген құжаттармен ___ данада
       20__ ж. "___" ___________ қабылданды
       Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

Решение Макатского районного маслихата Атырауской области от 6 августа 2013 года № 145-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 16 августа 2013 года № 2772. Утратило силу решением Макатского районного маслихата Атырауской области от 21 декабря 2015 года № 343-V

      Сноска. Утратило силу решением Макатского районного маслихата Атырауской области от 21.12.2015 № 343-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" и рассмотрев постановление районного акимата от 1 августа 2013 года № 234 районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан согласно приложению к настоящему решению.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии районного маслихата по вопросам бюджетного планирования, хозяйственной деятельности, использования земли, охраны природы и обеспечения законности (Д. Алтаева).
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель внеочередной ХVІ
сессии районного маслихата
И. Тасбаев
      Секретарь районного маслихата Т. Жолмагамбетов

  Утверждено решением
Макатского районного маслихата
от 6 августа 2013 года № 145-V

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

      1. Настоящие правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановления Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан".

1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих правилах:
      1) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;
      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима района по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;
      3) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органом статистики в области;
      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;
      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;
      6) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;
      7) уполномоченный орган – исполнительный орган района в сфере социальной защиты населения, финансируемый за счет местного бюджета, осуществляющий оказание социальной помощи;
      8) уполномоченная организация – Республиканское государственное казенное предприятие "Государственный центр по выплате пенсий Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан";
      9) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно – территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;
      10) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.
      3. Для целей настоящих правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местными исполнительными органами (далее - МИО) в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.
      4. Лицам, указанным в статье 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и статье 16 Закона Республики Казахстан 13 апреля 2005 "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими правилами.
      5. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие).
      6. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых областными МИО.

2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      7. Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:
      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;
      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара либо наличие социально значимого заболевания;
      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного местными представительными органами в кратном отношении к прожиточному минимуму.
      Окончательный перечень оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся и проведения обследований материально-бытового положения лица (семьи) утверждается местными представительными органами.
      Специальные комиссии при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуются утвержденным местными представительными органами перечнем оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся.
      8. К памятным датам и праздничным дням размер социальной помощи для отдельно взятой категории получателей устанавливается в едином размере по согласованию с МИО области.
      9. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

3. Порядок оказания социальной помощи

      10. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому МИО по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.
      11. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа представляет заявление с приложением следующих документов:
      1) документ, удостоверяющий личность;
      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;
      3) сведения о составе лица (семьи) согласно приложению 1 к настоящим правилам;
      4) сведения о доходах лица (членов семьи);
      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации;
      12. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      13. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким поселка, села, сельского округа в течение одного рабочего дня направляют документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).
      14. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к настоящим правилам и направляет их в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа.
      Аким поселка, села, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.
      15. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.
      16. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.
      17. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима поселка, села, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.
      18. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.
      19. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.
      В случаях, указанных в пунктах 15 и 16 настоящих правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима поселка, села, сельского округа.
      20. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.
      21. По одному из установленных оснований социальная помощь в течение одного календарного года повторно не оказывается.
      22. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:
      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;
      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);
      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного местными представительными органами порога для оказания социальной помощи.
      23. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом района на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      24. Социальная помощь прекращается в случаях:
      1) смерти получателя;
      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы соответствующей административно-территориальной единицы;
      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;
      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.
      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.
      25. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      26. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченый орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".

  Приложение 1 к Правилам оказания
социальной помощи, установления
размеров и определения перечня отдельных
категорий нуждающихся граждан

      Регистрационный номер семьи _______________________

Сведения о составе семьи заявителя _____________________ _________________________

      (Ф.И.О. заявителя) (домашний адрес, тел.)

№ п/п
Ф.И.О. членов семьи
Родственное отношение к заявителю
Год рождения
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
       Подпись заявителя ____________________ Дата ______________
      Ф.И.О. должностного лица органа,
      уполномоченного заверять
      сведения о составе семьи _____________________
       (подпись)

  Приложение 2 к Правилам оказания
социальной помощи, установления
размеров и определения перечня отдельных
категорий нуждающихся граждан

АКТ
обследования для определения нуждаемости лица (семьи) в связи с наступлением трудной жизненной ситуации

       от "___" ________ 20___г. ________________
       (населенный пункт)
       1. Ф.И.О. заявителя ___________________________________________
       2. Адрес места жительства _____________________________________
      _____________________________________________________________________
       3. Трудная жизненная ситуация, в связи с наступлением которой заявитель обратился за социальной помощью ___________________________
      _____________________________________________________________________
       4. Состав семьи (учитываются фактически проживающие в семье) ________ человек, в том числе:

№ п/п
Ф.И.О.
Дата рождения
Родственное отношение к заявителю
Занятость(место работы, учебы)
Причина незанятости
Сведения об
участии вобщественных работах, профессиональной подготовке(переподготовке, повышении квалификации) или в активных мерах содействия занятости
Трудная жизненная ситуация
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
       Всего трудоспособных _________ человек.
       Зарегистрированы в качестве безработного в органах занятости _______ человек.
       Количество детей:
       обучающихся в высших и средних учебных заведениях на платной основе _______ человек, стоимость обучения в год ________ тенге;
       Наличие в семье участников ВОВ, инвалидов ВОВ, приравненных к участникам ВОВ и инвалидам ВОВ, пенсионеров, пожилых лиц, старше 80-ти лет, лиц, имеющих социально-значимые заболевания (злокачественные новообразования, туберкулез, вирус иммунодефицита человека), инвалидов, детей-инвалидов (указать или добавить иную категорию) _____________________________________________________
       5. Условия проживания (общежитие, арендное, приватизированное жилье, служебное жилье, жилой кооператив, индивидуальный жилой дом или иное - указать) _____________________________________________________________________
       Расходы на содержание жилья ___________________________________
      _____________________________________________________________________
      Доходы семьи:


Ф.И.О. членов семьи (в т.ч. заявителя), имеющих доход
Вид дохода
Сумма доходаза предыдущий квартал (тенге)
Сведения о личном подсобном хозяйстве (приусадебный участок, скот и птица), дачном и земельном участке (земельной доли)
за квартал
в среднем за месяц
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      6. Наличие:
       автотранспорта (марка, год выпуска, правоустанавливающий документ, заявленные доходы от его эксплуатации)_______________________________________________________________ иного жилья, кроме занимаемого в настоящее время, (заявленные доходы от его эксплуатации) ________________________________________________________________________________________________________________________
       7. Сведения о ранее полученной помощи (форма, сумма, источник)______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
       8. Иные доходы семьи (форма, сумма, источник): _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
       9. Обеспеченность детей школьными принадлежностями, одеждой, обувью ______________________________________________________________
       10. Санитарно-эпидемиологические условия проживания ___________
       Председатель комиссии:
       ________________________ ______________________
       Члены комиссии:
       ________________________ ______________________
       ________________________ ______________________
       ________________________ ______________________
       (подпись) (Ф.И.О.)
       С составленным актом ознакомлен(а): ______________________
       Ф.И.О. и подпись заявителя
       От проведения обследования отказываюсь _______________ Ф.И.О. и подпись заявителя (или одного из членов семьи), дата
      _____________________________________________________________________
      (заполняется в случае отказа заявителя от проведения обследования)

  Приложение 3 к Правилам оказания
социальной помощи, установления
размеров и определения перечня отдельных
категорий нуждающихся граждан

Заключение участковой комиссии № __ __ _________ 20__ г.

       Участковая комиссия в соответствии с Правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, рассмотрев заявление и прилагаемые к нему документы лица (семьи), обратившегося за предоставлением социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации ____________________________________________________________________
       (фамилия, имя, отчество заявителя)
      на основании представленных документов и результатов обследования материального положения заявителя (семьи) выносит заключение о _____________________________________________________________________
       (необходимости, отсутствии необходимости)
      предоставления лицу (семье) социальной помощи с наступлением трудной жизненной ситуации
       Председатель комиссии: _____________ __________________________
       Члены комиссии: _____________ __________________________
       _____________ __________________________
       _____________ __________________________
       _____________ __________________________
       (подписи) (Ф.И.О.)
      Заключение с прилагаемыми документами
      в количестве ____ штук
      принято "__"____________ 20__ г. ____________________________________ Ф.И.О., должность, подпись работника, акима поселка, аула (села), аульного сельского округа) или уполномоченного органа, принявшего документы