Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2), 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік нысанына қарамастан аудан аумағындағы барлық кәсіпорын, мекеме және ұйымдардағы жұмыс орындарының жалпы санының:
1) Орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін;
2) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмілетке толмағандар үшін бір пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 24.12.2015 № 576 қаулысымен (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Мұфтахқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемелекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Баракатов |