Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 18.02.2015 № 215 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін:
қала аумақтарын көріктендіру және жинау.
2. «Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» мемлекеттік мекемесімен келісу бойынша қоғамдық жұмысқа тарту түрінде сотталған тұлғалармен жазаны өтеуге арналған объектілердің тізімдерін соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.А.Рысқұлбековке жүктелсін.
Қала әкімі Қ.Молдасеитов