Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімі аппаратының 30.01.2014 № 261 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесiнiң 8-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсін.
2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмекке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Д.Тлеубергенов
Ордабасы ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 25 қаңтардағы
№ 48 қаулысымен бекітілген
2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері және қаржыландыру көздері
Р/с |
Ұйымдардың атауы |
Жылына қоғамдық қызметкерлерге сұраныс, адам |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері |
Қаржыландыру көздері |
1 |
«Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
22 |
Әлеуметтiк жәрдемақыларға құжаттарды ресiмдеуге көмектесу -1400 іс, мұрағат құжаттарын өндеуге көмектесу – 550 іс, құжаттарды тiгу – 1000 іс, |
Аудандық бюджет |
2 |
«Ордабасы ауданы әкімдігінің «Темірлан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
100 |
Көшелердi және аумақтарды қоқыстардан тазалау, автокөлікке арту - 144000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
3 |
«Ордабасы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
5 |
Салынатын және күрделі, ағымды жөндеуден өтетін нысандардың құжаттарын рәсімдеуге көмектесу – 35 нысан |
Аудандық бюджет |
4 |
«Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
90 |
Елді мекендерде қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесу – 59 елді мекен |
Аудандық бюджет |
5 |
«Қажымұхан ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
36 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 100 бет, факс жіберу – 110 бет, мәтіндерді басу және шығару – 200 бет, хаттарды жеткізу – 250 хат. |
Аудандық бюджет |
6 |
«Бадам ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
30 |
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 40000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
7 |
«Қараспан ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
30 |
14 елді мекен аймақтарын көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 40000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
8 |
«Төрткөл ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
25 |
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 40000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
9 |
«Шұбарсу ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
30 |
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 40000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
10 |
«Бөржар ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
24 |
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 35000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
11 |
«Шұбар ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
24 |
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 35000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
12 |
«Қарақұм ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
24 |
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 30000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
13 |
«Жеңіс ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
21 |
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 30000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
14 |
«Бөген ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
24 |
Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, көрiктендiру, қоқыстардан тазарту – 30000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
15 |
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бiрлестiгiнің Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық филиалы |
5 |
Құжаттарды дайындауға көмектесу – 300 іс, азаматтардан түскен арыз және үндеулер бойынша курьерлiк жұмыс жасау – 200 хат |
Аудандық бюджет |
16 |
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Ордабасы ауданының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
5 |
Құжаттарды рәсімдеуге көмектесу- 500 іс |
Аудандық бюджет |
17 |
«Ордабасы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» |
5 |
Спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесу – 50 іс-шара, ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 100 бет, мәтіндерді басу және шығару – 100 бет, хаттарды жеткізу – 120 хат. |
Аудандық бюджет |
Барлығы |
500 |
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.