Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 22.01.2014 № 22 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына және аудан әкімінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 906 мәлімдемесіне сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТI:
1. Сайрам ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына қажеттілікті ескере отырып, 2013 жылы бір маманға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасының жылдық 0,01 % мөлшерінде белгіленеді.
3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Сессия төрағасы Е.Беркінбаев
Аудандық мәслихаттың хатшысы К.Орашов