Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы әкімінің 24.10.2013 № 168 шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясының Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 15 наурыздағы № 02-17/73 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Сарыағаш қаласы Халықтар достығы № 4 үй тұрғыны Д. Айымбетовтың итінде құтыру ауруы пайда болуына байланысты, Сарыағаш қаласы Халықтар достығы көшесіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарыағаш қаласы әкімінің орынбасары Б. Ерменовке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарыағаш қаласының әкімі А. Ешанқұл