Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі әкімінің 19.07.2013 № 10 шешімімен.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясының Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2013 жылғы 04 мамырдағы № 01-13/145 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алатау ауылдық округіне қарасты Қосағаш ауылында қаңғыбас иттің құтыру ауруы пайда болуына байланысты Сах Әбдікерімұлы көшесіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алатау ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Д.Утебаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі Е.Айтжанов