Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Глубокое ауданы әкімі аппаратының 21.02.2014 N 516-02-10 хаты).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Глубокое аудандық әкімдіктің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 629 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2867 нөмірімен тіркелген, аудандық «Огни Прииртышья» газетінің 2013 жылғы 09 ақпандағы № 12 санында, аудандық «Ақ бұлақ» газетінің 2013 жылғы 09 ақпандағы № 12 санында жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2. Жұмысқа қатысушылардың еңбекақы көлемі 2013 жылға арналып бекітілген ең төмен еңбекақы мөлшерінде белгіленсін. Глубокое және Белоусовка кенттерін тазалау және абаттандыру жұмыстары үшін ең төмен еңбекақы мөлшерінде 1,8 есеппен еңбекақы төлемі бекітілсін.».
2. Қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары С.С. Жумадиловке жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі Н. Шерубаев