2013 жылға Күршім ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 07 наурыздағы N 2813 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 04 сәуірде N 2927 болып тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Күршім ауданының әкімі аппаратының 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 01-05/4501 хаты)

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Күршім ауданының әкімі аппаратының 14.01.2014 № 01-05/4501 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру және жұмыспен қамтудың қосымша мемлекеттiк кепiлдiктерін қамтамасыз ету мақсатында, Күршім ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2013 жылға Күршім ауданы халқының келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көпбалалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері;
      15) мектептердің, кәсіби оқу мекемелердің түлектері;
      16) «Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
      17) басымды мамандықтар (кәсіптер) бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасының қатысушылары;
      18) отбасында бір де бір жұмыс істеушісі жоқ адамдар;
      19) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
      20) 50 жастан асқан әйелдер;
      21) адамдардың иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандар, есірткіге тәуелді адамдар.
      2. «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С. Такенова) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарға жұмысқа орналасуда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Қалеловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Күршім ауданының әкімі                     А. Сеитов

Об определении целевых групп населения Курчумского района на 2013 год

Постановление акимата Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 07 марта 2013 года № 2813. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 04 апреля 2013 года № 2927. Прекращено действие по истечении срока, на который постановление было принято (письмо аппарата акима Курчумского района от 14 января 2014 года № 01-05/4501)

      Сноска. Прекращено действие по истечении срока, на который постановление было принято (письмо аппарата акима Курчумского района от 14.01.2014 № 01-05/4501).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктами 13), 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 5, подпунктом 2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», в целях реализации государственной политики в сфере занятости с учетом ситуации на рынке труда и обеспечения дополнительных государственных гарантий, акимат Курчумского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить следующие целевые группы населения по Курчумскому району на 2013 год:
      1) малообеспеченные;
      2) молодежь в возрасте до двадцати одного года;
      3) воспитанники детских домов, дети–сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати трех лет;
      4) одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей;
      5) граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;
      6) лица, предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      7) инвалиды;
      8) лица, уволенные из рядов Вооруженных сил Республики Казахстан;
      9) лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения;
      10) оралманы;
      11) выпускники организаций высшего или послевузовского образования;
      12) лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя-юридического лица либо прекращением деятельности работодателя-физического лица, сокращением численности или штата работников;
      13) лица, состоящие на учете службы пробации уголовно–исполнительной инспекции;
      14) несовершеннолетние выпускники интернатных организаций;
      15) выпускники школ, профессиональных учебных заведений;
      16) лица, зарегистрированные в государственном учреждении (Отдел занятости и социальных программ Курчумского района) как безработные;
      17) участники Программы занятости - 2020, завершившие профессиональное обучение по приоритетным профессиям (специальностям);
      18) лица, в семье которых нет ни одного работающего;
      19) лица, длительное время (более одного года) неработающие;
      20) женщины старше 50 лет;
      21) лица, инфицированные вирусом иммунодефицита человека, наркозависимые граждане.
      2. Государственному учреждению «Отдел занятости и социальных программ Курчумского района Восточно-Казахстанской области» (С. Такенова) обеспечить содействие в трудоустройстве лиц, отнесенных к целевым группам населения.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Калелова М.Ж.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


      Аким Курчумского района                    А. Сеитов