Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 14.10.2016 ж. № 3304 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 1572 "Орал қаласы бойынша жекелеген санаттағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-211 тіркелген, 2011 жылғы 11 тамыздағы "Жайық үні" газетінде және 2011 жылғы 12 тамыздағы "Пульс города" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ. Ғ. Орынғалиевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Көлгінов |