Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округі әкімінің 12.04.2013 № 3 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының 2013 жылғы 1 ақпандағы № 20 ұсынысы негізінде, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауыл округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округінің Алғабас ауылы аумағында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Ақжайық ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алғабас ауылдық округі әкімі Е. Есбулсинов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау
және қадағалау комитетінің
Ақжайық аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________ Р. Қайырлиев
08.02.2013 ж.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
Комитетінің Батыс Қазақстан
облысы бойынша департаменті
"Ақжайық ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығының м.а.
_____________ А. Қуатова
08.02.2013 ж.