Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Рубежин ауылдық округі әкімінің 2013.12.03 № 21 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зеленов аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 1-10-22/а ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Рубежин ауылдық (селолық) округінің Чулпан қыстағы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рубежин ауылдық (селолық) округі әкімі аппаратының бас маман – мал дәрігері Ж. Мусинаға жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық (селолық) округ
әкімінің м. а. М. Кабыкешов