Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 20.05.2013 № 145 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Аудан әкімі Қ. Мусин
Аудан әкімдігінің
2013 жылғы 28 ақпандағы № 64
қаулысымен бекітілген
"Екiншi және үшiншi разрядтар,
бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік
разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты
нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және
орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер,
спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен
санаттарын беру" мемлекеттік
қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет регламенті
(бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес жасалған.
2. "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің "Халыққа қызмет көрсету" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы" филиалының Тасқала ауданының бөлімі (бұдан әрі – орталық) арқылы "Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі (бұдан әрі - уәкілетті орган).
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" №981 қаулысы негізінде ұсынылады (бұдан әрі - Стандарт).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң www.mts.gov.kz, "Мемлекеттiк қызметтер" бөлiмiнде, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурстарында, мемлекеттiк қызмет ұсынылатын жерлерде уәкiлеттi органның стенділерінде орналасқан.
Уәкілетті органның мекен-жайы: индекс 091000, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23, телефон: 8(71139) 21686.
6. Мемлекеттік қызмет спорттық разрядтары мен біліктіліктерін ресми тану мақсатында жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға, спортшыларға және спорт төрешілеріне (бұдан әрі - алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіште 5 жыл мерзімге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзінді көшірме не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысандағы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің
талаптары
8. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi алушы жүгiнген сәттен бастап күнтiзбелiк 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте уәкілетті орган мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға бiр күн қалғанда ұсынады);
2) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
3) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.
9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
10. Уәкілетті органда жұмыс кестесі демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 9-00 -ден бастап 18-30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00-ден бастап 14-30-ға дейiн.
Орталықтың жұмыс кестесі жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліссіз.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз "электронды" кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген анықтама бюросы, күту креслосы, бланкілерді толтыру үлгілерімен ақпараттық стенділер орналастырылған орталықтың үй-жайында көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі
іс-әрекет (өзара іс-қимыл)
тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушылар Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.
13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетiле отырып тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi:
1) сұрауды қабылдау күнi мен нөмiрi;
2) сұрау жасалған мемлекеттiк қызмет түрi;
3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
6) алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары.
14. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
1) орталықтың инспекторы;
2) уәкілетті органның маманы;
3) уәкілетті органның басшысы.
16. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар осы Регламентке 2-қосымшада берілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі
18. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған жауапкершілікке тартылады.
Екiншi және үшiншi разрядтар,
бірiншi, екiншi және үшiншi
жасөспiрiмдік разрядтар,
біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi екiншi санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi
жоғары деңгейдегi екiншi
санатты нұсқаушы-спортшы,
біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi екiншi санатты
әдiскер, спорт төрешiсi
спорттық разрядтары мен
санаттарын беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1-қосымша
Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің)
орындау мерзімін көрсете отырып,
әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің
(рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі
мен реттілігінің мәтіндік
кестелік сипаттамасы
№ іс-әрекет (барысы, жұмыс ағыны) |
||
ҚФБ-1 |
ҚФБ-2 |
ҚФБ-3 |
№ 1 іс-әрекет |
№ 1 іс-әрекет |
№ 1 іс-әрекет |
№ 2 іс-әрекет |
№ 2 іс-әрекет |
|
№ 3 іс-әрекет |
||
Орындау мерзімі: |
"Екiншi және үшiншi разрядтар,
бірiншi, екiншi және үшiншi
жасөспiрiмдік разрядтар,
біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi екiншi санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi
жоғары деңгейдегi екiншi
санатты нұсқаушы-спортшы,
біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi екiншi санатты
әдiскер, спорт төрешiсi
спорттық разрядтары мен
санаттарын беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2-қосымша