Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Алмаз селолық округі әкімінің 13.01.2014 № 1 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2012 жылғы 5 қарашадағы № 166 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Алмаз селолық округінің аумағында ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс–шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алмаз селолық округі әкімі аппаратының бас маманы - мал дәрігері М. Сисенбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алмаз селолық
округінің әкімі С. Кенжегалиев