Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.12.2015 № 18-06/1085 бұйрығымен.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңның 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және су
ресурстары министрінің
2014 жылғы «17» қаңтардағы
№ 8-ө бұйрығымен бекiтiлген
«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігінiң Балық шаруашылығы комитетi» мемлекеттік
мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитетi» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Комитет) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгінiң (бұдан әрі – Министрлік) құзыретi шегінде балық ресурстарының және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство және уәкілеттi орган болып табылады.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы Министрлiкке ведомстволық бағынысты заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген өзге де актілерімен шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келіскеннен кейін Жауапты хатшысы бекiтедi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, 14 кіреберіс «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитетi» мемлекеттiк мекемесi, государственное учреждение «Комитет рыбного хозяйства Министерства окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан».
10. Осы Ереже «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитетi» мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Комитетің жұмыс режимі Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес Министрліктің жұмыс регламентімен белгіленеді.
13. Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне Комитетке кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
14. Комитет:
1) Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасынан;
2) Балық ресурстарының өсімін молайту басқармасынан;
3) Қаржылық және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс басқармасынан тұрады.
15. Комитеттің мынадай аумақтық бөлімшелері бар:
1) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттiк мекемесi, Қызылорда қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттiк мекемесi, Қапшағаай қаласы;
3) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттiк мекемесi, Өскемен қаласы;
4) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттiк мекемесi, Астана қаласы;
5) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттiк мекемесi, Атырау қаласы;
6) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттiк мекемесi, Қарағанды қаласы;
7) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттiк мекемесi, Қостанай қаласы;
8) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттiк мекемесi, Тараз қаласы.
Комитет балық шаруашылығы саласындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына Министрліктің қарамағындағы:
1) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына;
2) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына;
3) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына;
4) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына;
5) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Петропавл балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына;
6) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Майбалық балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына;
7) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына басқару мәселелері бойынша жұмыс органы болып табылады.
2. Комитеттің негізгі міндеттері мен функциялары
16. Комитеттің міндеті:балық ресурстарының және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру:
Функциялары:
1) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс органы болып табылады, реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі, сондай-ақ мемлекеттік органдарда нормативтік құқықтық актілерінің келісуін (тіркеуін) өтуіне қатысады;
2) Комитеттің, аумақтық бөлімшелердің бюджеттік өтінімін дайындау, оны Министрлікке ұсыну, сондай-ақ өзге де бюджеттік процесстердің рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
3) өзінің құзыреті мәселелері бойынша болжау жасалып отырған жобалардың редакцияларын қоса тіркеп, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзiрлеу немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнінде ұсыныстар енгізуге.
17. Комитеттің міндеті: балық ресурстарының және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды іске асыру:
Функциялары:
1) мынадай мемлекеттік бақылауды және қадағалауды іске асырады:
балық ресурстарының және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормаларының сақталуына;
балық ресурстарының және басқа су жануарларын қорғау,өсімін молайту және пайдалану саласындағы шаралардың атқарылуына;
балық аулау Қағидасының сақталуына;
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды және жерсіндіруді жүргізу тәртіптерінің сақталуына;
жеке және заңды тұлғалардың балық шаруашылығын жүргiзу шарттары талаптарынының орындалуына;
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға белгiленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына;
балық шарушылығын жүргізу Қағидасының сақталуына;
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының өзге де талаптарының орындалуына;
жануарларды ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда ұстау тәртiбiнiң, сондай-ақ зоологиялық коллекциялардың сақталуына;
құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге;
2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін қолданушылардың қызметін тексереді;
18. Комитеттің міндеті: балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қолдануға;
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды мен жерсіндіруді өндіруге;
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiн әкелуге және әкетуге;
рұқсат береді.
2) балық аулауға және балық шарушылығын жүргізуге шарт жасасады;
3) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорындағы балық ресурстарының және басқа су жануарларын қорғауды, өсiмiн молайтуды және мемлекеттiк есепке алуды;
балық ресурстарының және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді;
балық ресурстарының және басқа су жануарларын мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді;
сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген балықтар және басқа су жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ жасанды түрде өсiру жөнiндегi қызметiн;
балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiндегi конкурсын дайындау және өткiзу шараларын;
балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды;
ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
4) аккредиттелінген республикалық қауымдастықтар қоғамдық бірлестіктер балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілері қатысуымен, бекітілген лимиттер негізінде балық ресурстарының және басқа су жануарларын алу квоталарын бөледі;
5) рекреациалық балық аулау аймақтарын;
ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашып, жабады, балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын;
бекітеді.
6) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
7) Қазақстан Республикасы заңдарында бекітілген тәртіппен, өз құзыреті шегінде, зоологиялық коллекциялар тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және тоқсан сайын жаңартады;
8) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтамасын береді;
9) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды;
бақылау үшін аулауды, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды;
балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнің резервтік қорын биологиялық-экономикалық тексеруді;
бекіре тұқымдас балықтар түрлерінің уылдырығын ішкі нарықта сату маркасын беруді;
балық ресурстарының және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында халықаралық келісімдерін іске асыруды;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген тәртіппен әкімшілік құқықбұзушылық туралы істері бойынша өндірісті;
жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген балықтарды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеуді.
10) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды;
облыстық жергілікті атқарушы органының балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру туралы шешiмiн;
балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде, двигательдері қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруін;
Қазақстан Республикасы «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңның 17-бабы 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шаруашылық және басқа қызметті жүзеге асыратын субъектілерімен әзірленетін, техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы жануарлар дүниесiн пайдаланушылармен арнайы пайдалану кезінде биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде балық шаруашылық мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді;
келіседі.
11) балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе олардың бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
12) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын алу жөнінде ұсыныс;
балық ресурстарының және басқа су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу енгізу жөнінде ұсыныс;
жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде толығымен орналасқан жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін олардың өтiнiмi бойынша белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда конкурссыз бекітіп беру туралы облыстық жергілікті атқарушы органға ұсыныс;
енгізеді.
13) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын басып шығаруға қатысады;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Комитеттің міндеті: Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің қарауындағы балық шаруашылығы саласындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды тиімді басқару.
Функциялары:
1) балық шаруашылығы саласында мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;
2) республикалық қазыналық мемлекеттік кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
3) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары қызметінің мәні мен мақсатын айқындайды;
4) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
5) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды және бекітеді;
6) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары мүлкінің сақталуын және олардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына берілген немесе ол шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
8) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілейді;
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
10) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жыл сайын еңбекке ақы төлеу қорының мөлшерін белгілейді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді.
3. Комитеттің құқықтарымен міндеттемелері
20. Негізгі міндеттерді іске асыру және өзіне жүктелген қызметтерді жүзеге асыру үшін Комитет белгіленген заңнамалық тәртіпте құқығы бар:
1) объектілерге жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметі туралы ақпарат алуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
3) тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн беруге;
4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiн тоқтата тұру немесе қызметiне тыйым салу туралы ұсыныс енгiзуге;
5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн анықтауға және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы зиянды ерiктi түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап-арыз беруге;
6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;
7) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, олардан шыққан кезде көлiк және жүзу құралдарын тоқтатуға, оларды жете тексеруге;
8) су тарту құрылыстарын оларды тиісті балық қорғау құрылғыларымен жабдықтау және су тұтыну шарттарын уәкілетті органмен келісу нысанына тексеруді жүзеге асыруға;
9) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, жағалау белдеуінде болған және олардан шыққан кезде адамдардың жануарлар дүниесін пайдалану құқығына арналған құжаттарын тексеруге;
10) балық ресурстарының және басқа да су жануарларын аулау құралдарының тыйым салынған түрлерiн сот шешiм қабылдағанға дейiн сақтау үшiн алып қоюға;
11) заңсыз ауланған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алып қоюға;
12) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын сот шешiм шығарғанға дейiн уақытша сақтау үшiн алып қоюға;
13) талап арыздарымен сотқа жүгінеді, талап арыздарды Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған тәртіппен қарастыруға қатысады;
14) мемлекеттік органдардан, бағынысты және басқа да ұйымдардан, лауазымдық тұлғалардан өзінің міндеттері мен қызметтерін іске асыру үшін қажетті ақпаратты алуға және сұратуға;
15) нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізуге немесе осындай актілердің бастама жобаларын уәкілетті органға қарастыру үшін беруге;
16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асырады.
4. Комитеттің мүлкі
21. Комитеттің жедел басқару құқығында заңнамамен қарастырылған жағдайда жекелеген мүлкі болады.
Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады, және негізгі және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ Комитеттің балансында құны көрсетілген басқа да мүліктен тұрады.
22. Комитетке бекiтілiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Комитет өзіне бекiтілiп берілген мүлiктi өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
24. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті, өкілеттіліктерді иеленеді.
25. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрімен лауазымына тағайындалатын және лауазымынан босатылатын төраға Комитетке басшылық жасайды.
26. Төрағаның ұсынысы бойынша Жауапты хатшымен келісу арқылы тағайындалатын орынбасарлары болады.
27. Комитеттің төрағасы Комитет жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады, Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқарады.
28.Осы мақсаттарда төраға:
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;
3) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныс береді;
4) Жауапты хатшыға аумақтық бөлімшелердің бірінші басшылары мен олардың орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсынымдар енгізеді;
5) өз орынбасарларының, қызметкерлерінің және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
7) заңмен белгіленген тәртіпте Комитеттің қызметкерлеріне ынталандыруды және тәртіптік жазаларды қолданады;
8) өз құзыреті шегінде Комитеттің қызметкерлеріне іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, дайындау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру,ынталандыру, үстемеақы және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
9) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шаралар үшін жеке жауапкершілік атқарады;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Комитеттің атынан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
29. Комитеттің төраға орынбасарларының өкілеттігі:
1) өз өкілеттіктері шеңберінде Комитеттің қызметін үйлестіреді;
2) Комитет басшысы болмаған кезде Комитетке жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
3) Комитет басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
30. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет атынан басқа мемлекеттік органдарға жіберілетін құжаттарға Комитет басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
6. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
31. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.