Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 12-1/14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 ақпанда № 9138 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 46 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.02.2016 № 46 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік қызметшілерінің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапаларына қойылатын талаптарды арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті (Ж.Е. Аманбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің  
2014 жылғы 13 қаңтардағы    
№ 12-1/14 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының
қағидалары

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына, «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет саласындағы және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнама) сәйкес әзірленген.
      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), ведомстволары және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің (бұдан әрі – Министрліктің мемлекеттік қызметшілері) өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысындағы, әріптестерімен және азаматтармен өзара қарым-қатынастардағы негізгі мінез-құлық нормаларын айқындайды.
      3. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері өз қызметінде:
      1) заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алғаны;
      2) адалдық, тәртіптілік, жауапкершілік, белсенділік, бастамашылық танытқаны және келіссөздер (кездесулер) барысында басқа адамдарға шыдамдылық, сыпайылық, әдептілік және құрмет танытқаны;
      3) шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатынасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне және өзге де мән-жайларға қарамастан, адамның және азаматтың ары мен қадір-қасиетін сыйлағаны;
      4) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал еткені, мемлекеттік және басқа да тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарағаны;
      5) адал, әділ, қарапайым болғаны, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтағаны, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық және әдептілік танықаны;
      6) ұжымның стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудегі біртұтастығына ықпал еткені;
      7) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттырғаны;
      8) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмағаны, сын үшін қудалауға жол бермегені, орынды сынды кемшіліктерді жою және өзінің қызметін жақсарту үшін пайдаланғаны;
      9) өзінің міндеттерін тиісті орындағаны, жұмысын нақты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ұйымдастырғаны және жоспарлағаны;
      10) жұмыс уақытын тиімді пайдаланғаны және ұжымдағы басқа мемлекеттік қызметшілердің еңбек міндеттерін орындауына кедергі келтіретін іс-әрекеттерді жасамағаны;
      11) қызметтік субординацияны сақтағаны;
      12) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз еткені, автокөлік құралдарын қоса алғанда, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдаланғаны;
      13) Қазақстан Республикасының, мемлекеттік биліктің және Министрліктің беделін түсіруге ықпал ететін іс-әрекеттерді жасамағаны;
      14) өзінің қызметтік міндеттерін атқару барысында іскерлік киім стилін ұстанғаны;
      15) мемлекеттік қызметшілердің өздерінің функциялары мен міндеттерін атқару кезіндегі бастамашылығын қолдағаны және көтермелегені;
      16) мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша шараларды қабылдағаны;
      17) осы Қағидалардың талаптарын бұзу фактілеріне қағидатты түрде ден қойғаны, айыптының жауапкершілігімен қатар өзінің жеке жауапкершілігі туралы мәселені қоюға дайын болғаны жөн.
      4. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері Ар-намыс кодексінде белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтағаны жөн.
      Егер Министрліктің мемлекеттік қызметшісінің өзінің қызметтік міндеттерін атқару барысында сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы дәйекті ақпараты болатын болса, мемлекеттік қызмет саласындағы және сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы заңнамада белгіленген шараларды қабылдауы қажет.
      5. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызмет мәселелері туралы өзінің пікірін көпшілік алдында білдірмегені жөн, егер ол:
      1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін болса;
      2) жария етуге рұқсат берілмеген қызметтік құпияны ашатын болса;
      3) мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер қамтылатын болса.
      6. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері реттелетін салаларда тексерулерді жүзеге асыру кезінде:
      1) тексерісті әділ және объективті өткізгені;
      2) тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтағаны;
      3) тексеруге әсер етуі мүмкін тексерілетін субъектілердің өкілдерімен өзара қарым-қатынас жасамағаны жөн.
      7. Министрлікте мемлекеттік қызмет және еңбек саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кадрлық шешімдерді қабылдау кезінде мемлекеттік қызметшілерді кемсітудің кез келген түріне, сондай-ақ протекционизмнің, жекелеген мемлекеттік қызметшілерге жасалатын артықшылық мен жеңілдіктердің кез келген түріне жол берілмейді.
      8. Қызметтік уақыттан тыс кезде Министрліктің мемлекеттік қызметшілері:
      1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануы, қоғамқа қарсы мінез-құлыққа жол бермеуі;
      2) қоғамдық жағымсыз резонанс тудыратын іс-әрекеттерге жол бермеуі, өзінің беделіне нұқсан келтіретін мінез-құлықтан қалыс қалуы;
      3) Министрліктің қызметкері жоғары атағына кір келтіретін кез келген жеке байланыстардан аулақ болуы қажет.
      Қызметтен тыс қарым-қатынастарда Министрліктің мемлекеттік қызметшілері осы Қағидалардың талаптарын және мемлекеттік қызмет саласындағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтағаны және Министрліктің мемлекеттік қызметшісінің беделін, қадір-қасиетін түсіретін немесе оның адалдығына, әділдігіне, объективтiлiгi мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болғаны жөн.

Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 января 2014 года № 12-1/14. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 февраля 2014 года № 9138. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 9 февраля 2016 года № 46

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 09.02.2016 № 46.

      В целях повышения требований к морально-нравственному облику и деловым качествам государственных служащих Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила служебной этики государственных служащих Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
      2. Департаменту кадрового и административного обеспечения Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (Аманбаев Ж.Е.) в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование.
      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Утверждены           
приказом Министра сельского 
хозяйства Республики Казахстан
от 13 января 2014 года № 12-1/14

Правила
служебной этики государственных служащих
Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

      1. Настоящие Правила служебной этики государственных служащих Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 Указа Президента Республики Казахстан от 1 октября 2013 года № 651 «О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 «О Кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан» (далее – Кодекс чести), Законом Республики Казахстан от 23 июля 1999 года «О государственной службе», Законом Республики Казахстан от 2 июля 1998 года «О борьбе с коррупцией» (далее – законодательство в сфере государственной службы и о борьбе с коррупцией).
      2. Правила определяют основные нормы поведения государственных служащих Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - Министерство), ведомств и его территориальных подразделений (далее – государственные служащие Министерства) в ходе исполнения ими своих служебных обязанностей, во взаимоотношениях с коллегами и гражданами.
      3. Государственным служащим Министерства в своей служебной деятельности следует:
      1) руководствоваться принципом законности, требованиями Конституции, законов и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан в сфере государственной службы;
      2) проявлять добросовестность, дисциплинированность, ответственность, активность, инициативность и проявлять терпение, вежливость, тактичность и уважение к другим лицам в ходе переговоров (встреч);
      3) уважать честь и достоинство человека и гражданина независимо от происхождения, социального, должностного и имущественного положения, пола, расы, национальности, языка, отношения к религии, убеждений, места жительства и иных обстоятельств;
      4) способствовать укреплению единства народа Казахстана и межнационального согласия в стране, уважительно относиться к государственному и другим языкам, традициям и обычаям народа Казахстана;
      5) быть честными, справедливыми, скромными, соблюдать общепринятые морально-этические нормы, в обращении с гражданами и коллегами проявлять вежливость и корректность;
      6) способствовать сплоченности коллектива в достижении стратегических целей и задач;
      7) повышать свой профессиональный уровень и квалификацию для эффективного исполнения служебных обязанностей;
      8) своими действиями не давать повода для обоснованной критики со стороны общества, не допускать преследования за критику, использовать конструктивную критику для устранения недостатков и улучшения своей деятельности;
      9) надлежаще исполнять свои обязанности, организовать и планировать работу, с учетом реально складывающейся обстановки;
      10) эффективно использовать рабочее время и воздерживаться от действий, которые мешают другим государственным служащим в коллективе выполнять их трудовые обязанности;
      11) соблюдать служебную субординацию;
      12) обеспечивать сохранность государственной собственности, рационально, эффективно и только в служебных целях использовать вверенную государственную собственность, включая автотранспортные средства;
      13) не допускать совершения действий, способных дискредитировать Республику Казахстан, государственную власть и Министерство;
      14) придерживаться делового стиля одежды в ходе исполнения своих служебных обязанностей;
      15) поддерживать и поощрять инициативность государственных служащих при выполнении ими своих функций и обязанностей;
      16) принимать меры по предотвращению и урегулированию конфликта интересов;
      17) принципиально реагировать на факты нарушения требований настоящих Правил, быть готовым поставить, наряду с ответственностью виновных, вопрос и о своей личной ответственности.
      4. Государственным служащим Министерства следует соблюдать антикоррупционное поведение, установленное Кодексом чести.
      Если государственный служащий Министерства располагает достоверной информацией о коррупционном правонарушении, сопряженных с коррупцией или создающей условия для коррупции в ходе исполнения ими своих служебных обязанностей необходимо принять меры, установленные законодательством в сфере государственной службы и о борьбе с коррупцией.
      5. Государственным служащим Министерства не следует публично выражать свое мнение по вопросам государственной политики и служебной деятельности, если оно:
      1) не соответствует основным направлениям политики государства;
      2) раскрывает служебную информацию, которая не разрешена к обнародованию;
      3) содержит неэтичные высказывания в адрес должностных лиц государства, органов государственного управления, других государственных служащих.
      6. Государственным служащим Министерства при осуществлении проверок в регулируемых сферах следует:
      1) справедливо и объективно проводить проверку;
      2) соблюдать права и законные интересы проверяемых субъектов;
      3) избегать взаимоотношений с представителями проверяемых субъектов, которые могут повлиять на проверку.
      7. В Министерстве не допускаются любые формы дискриминации государственных служащих при принятии кадровых решений, а также любые формы протекционизма, привилегий и льгот отдельным государственным служащим, за исключением случаев, установленных законодательством Республики Казахстан в сфере государственной службы и труда.
      8. Во внеслужебное время государственному служащему Министерства необходимо:
      1) придерживаться общепринятых морально-этических норм, не допускать случаев антиобщественного поведения;
      2) не допускать действий, вызывающих негативный общественный резонанс, воздерживаться от поведения, которое может навредить их репутации;
      3) избегать любых личных связей, которые могут скомпрометировать высокое звание сотрудника Министерства.
      Во внеслужебных отношениях государственным служащим Министерства следует соблюдать требования настоящих Правил и законодательства в сфере государственной службы и о борьбе с коррупцией и избегать всего, что могло бы опорочить авторитет, достоинство государственного служащего Министерства или вызвать сомнения в его честности, справедливости, объективности и беспристрастности.