Біліктілік комиссиясы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 93 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 наурызда № 9251 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 593 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 26.11.2015 № 593 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабы 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Біліктілік комиссиясы туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (Ж.Б. Ешмағамбетов) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

З. Баймолдина


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі міндетін атқарушының
2014 жылғы 7 наурыздағы № 93
бұйрығымен бекітілген

Біліктілік комиссиясы туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Біліктілік комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ереже біліктілік комиссиясының қызметін реттейді, ол өз құзыреті шегінде:

      1) жеке сот орындаушысының лицензиясын алу үшін тағылымдамадан өткен адамдардан біліктілік емтиханын қабылдауды;

      2) жеке сот орындаушысы лауазымының бос орнына конкурс өткізуді жүзеге асырады.

      3. Біліктілік комиссиясы үнемі қолданыстағы орган болып табылады және жеті мүшеден тұрады. Біліктілік комиссиясының құрамы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.

2. Біліктілік комиссиясының қызметі

      4. Біліктілік комиссиясының төрағасы:

      1) отырыстарды шақырады, біліктілік комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      2) біліктілік комиссиясының отырыстарында төрағалық етеді.

      5. Біліктілік комиссиясының мүшелері:

      1) біліктілік комиссиясының қарауына ұсынылған материалдармен танысады;

      2) біліктілік комиссиясының отырысында шешілуге және тиісті шешім шығаруға жататын мәселелерді қарайды.

      6. Біліктілік комиссиясының мүшесі біліктілік емтихан тапсырушы, конкурсқа қатысушы адамның жақын туысы болып табылатын болса немесе біліктілік комиссия мүшесінің қабылданатын шешім нәтижесі бойынша тікелей немесе жанама мүдделілігі болса, отырысқа қатыса алмайды және бас тартуға (өздігінен бас тартуға) жатады.

      Өздігінен бас тарту мен бас тартуды отырыс басталғанға дейін де, отырыс барысында да уәждемелеуге және мәлімдеуге болады.

      7. Біліктілік комиссия мүшесінің өздігінен бас тартуы (бас тартуы) туралы шешім отырысқа қатысатын біліктілік комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен жазбаша түрде қабылданады және біліктілік комиссия мүшесі мен біліктілік емтихан тапсырушы, конкурсқа қатысушы адамның қатысуымен жарияланады.

      8. Біліктілік комиссиясының хатшысы:

      1) біліктілік комиссиясы қызметінің құжаттарын ресімдеуді ұйымдастырады;

      2) біліктілік комиссиясының жұмысын жақсартуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізеді.

      9. Біліктілік комиссиясының отырысы, егер оған кемінде бес мүшесі қатысса, заңды болады.

      10. Қаралатын мәселелер бойынша біліктілік комиссиясы отырысқа қатысатын мүшелерінің көпшілік даусымен тиісті шешім қабылдайды, оған біліктілік комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      Біліктілік комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Біліктілік комиссия мүшелері өз пікірін нақты айтады және дауыс беру кезінде қалыс қалмауға мүмкіндігі жоқ.

      Егер біліктілік комиссиясының мүшесі қабылданған шешіммен келіспесе, маңызды пікірін жазбаша түрде білдіруі мүмкін, ол қабылданған шешім бойынша материалдарға тігіледі.

      Егер біліктілік комиссиясы мүшелерінің дауыстары тең бөлінсе, біліктілік комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      11. Біліктілік комиссия шешіміне уәкілетті органға, сондай-ақ сот тәртібінде шағымдана алады.

Об утверждении Положения о квалификационной комиссии

Приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 7 марта 2014 года № 93. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 марта 2014 года № 9251. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 26 ноября 2015 года № 593

     Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции РК от 26.11.2015 № 593 (вводится в действие с 01.01.2016).

      В соответствии с подпунктом 11) статьи 167 Закона Республики Казахстан от 2 апреля 2010 года «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о квалификационной комиссии.
      2. Комитету по исполнению судебных актов Министерства юстиции Республики Казахстан (Ешмагамбетов Ж.Б.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Председателя Комитета по исполнению судебных актов Министерства юстиции Республики Казахстан Ешмагамбетова Ж.Б.
      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации.

      И.о. Министра                              З. Баймолдина

Утверждено          
приказом и.о. Министра юстиции
Республики Казахстан  
от 7 марта 2014 года № 93

Положение
о квалификационной комиссии

1. Общие положения

      1. Положение о квалификационной комиссии (далее – Положение) разработано в соответствии с подпунктом 11) статьи 167 Закона Республики Казахстан от 2 апреля 2010 года «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей».
      2. Настоящее Положение регулирует деятельность квалификационной комиссии, которая в рамках своей компетенции осуществляет:
      1) прием квалификационного экзамена у лиц, прошедших стажировку, для получения лицензии частного судебного исполнителя;
      2) проведение конкурса на вакантную должность частного судебного исполнителя.
      3. Квалификационная комиссия является постоянно действующим органом и состоит из семи членов. Состав квалификационной комиссии утверждается приказом руководителя уполномоченного органа.

2. Деятельность квалификационной комиссии

      4. Председатель квалификационной комиссии:
      1) созывает заседания, осуществляет общее руководство деятельностью квалификационной комиссии;
      2) председательствует на заседаниях квалификационной комиссии.
      5. Члены квалификационной комиссии:
      1) знакомятся с материалами, представленными на рассмотрение квалификационной комиссии;
      2) рассматривают вопросы, подлежащие разрешению на заседании квалификационной комиссии и вынесению соответствующего решения.
      6. Член квалификационной комиссии не участвует на заседании и подлежит отводу (самоотводу), если он является близким родственником лица, сдающего квалификационный экзамен, участвующего в конкурсе или если у члена квалификационный комиссии имеется прямая или косвенная заинтересованность в исходе принимаемого решения.
      Самоотвод и отвод мотивируются и заявляются как до начала заседания, так и в ходе заседания.
      7. Решение о самоотводе (отводе) члена квалификационный комиссии принимается квалификационной комиссией в письменной форме большинством голосов ее членов, участвующих в заседании, и оглашается в присутствии члена квалификационный комиссии и лица, сдающего квалификационный экзамен, участвующего в конкурсе.
      8. Секретарь квалификационной комиссии:
      1) организует документальное оформление деятельности квалификационной комиссии;
      2) вносит предложения по улучшению организации работы квалификационной комиссии.
      9. Заседание квалификационной комиссии правомочно, если на нем присутствует не менее пяти ее членов.
      10. По рассматриваемым вопросам квалификационная комиссия принимает соответствующее решение большинством голосов ее членов, участвующих в заседании, которое подписывается председателем, членами квалификационной комиссии и секретарем.
      Решение квалификационной комиссии принимается открытым голосованием. Члены квалификационной комиссии определенно высказывают свое мнение и не могут воздерживаться при голосовании.
      В случае несогласия с принимаемым решением член квалификационной комиссии может изложить особое мнение в письменной форме, которое приобщается к материалам по принятому решению.
      Если голоса членов квалификационной комиссии разделились поровну, голос председателя квалификационной комиссии является решающим.
      11. Решение квалификационной комиссии может быть обжаловано в уполномоченный орган, а также в судебном порядке.