2014 жылғы 2 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 103-Ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 наурызда № 9283 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 267-ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.06.2014 № 267-ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау тәртібінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету критерийін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы бойынша 2014 жылғы 2 тоқсанға кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2014 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 675-Ө-М бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 9041 тіркелген және 2014 жылғы 9 қаңтардағы «Казахстанская правда» № 4 (27625), 2014 жылғы 9 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» № 4 (28228) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Әлеуметтік көмек департаменті:
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                            Т. Дүйсенова

Об определении черты бедности на 2 квартал 2014 года

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 18 марта 2014 года № 103-Ө. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 марта 2014 года № 9283. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 17 июня 2014 года № 267-Ө

      Сноска. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 17.06.2014 № 267-Ө (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п.5

      В целях установления критерия оказания социальной помощи малообеспеченным гражданам Республики Казахстан для определения размера адресной социальной помощи в соответствии с пунктом 4 Правил определения черты бедности, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 апреля 2000 года № 537, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Определить черту бедности на 2 квартал 2014 года по Республике Казахстан в размере 40 процентов от прожиточного минимума, рассчитанного за истекший квартал Агентством Республики Казахстан по статистике.
      2. Признать утратившим силу приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 23 декабря 2013 года № 675-Ө-М «Об определении черты бедности на 1 квартал 2014 года» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9041 и опубликованный в газетах «Казахстанская правда» от 9 января 2014 года, № 4 (27625); «Егемен Қазақстан» от 9 января 2014 года, № 4 (28228).
      3. Департаменту социальной помощи обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и официальное опубликование в установленном законодательством порядке;
      2) доведение настоящего приказа до областных, гг. Астана и Алматы управлений координации занятости и социальных программ.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Жакупову С.К.
      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 апреля 2014 года.

      Министр                                    Т. Дуйсенова