Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 18.09.2014 № 404 бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8459 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
01 «Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер» сыныбында:
7 «Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар» кіші сыныбында:
мына:
«
Жергілікті бюджеттен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар |
2 |
01 |
7 |
17 |
100 |
100 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Жергілікті бюджеттен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар |
2 |
01 |
7 |
17 |
100 |
100 |
100 |
»;
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
1 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық органдары салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар |
2 |
04 |
1 |
55 |
100 |
»;
4 «Трансферттердің түсімдері» санатында:
01 «Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан алынатын трансферттер» сыныбында:
1 «Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен алынатын трансферттер» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Астана қаласының бюджетiнен алынатын бюджеттік алу |
4 |
01 |
1 |
07 |
100 |
».
2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т. Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр Е. Досаев