"Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы № 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 2014 жылғы 28 ақпандағы № 69-Ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 1 сәуірде № 9286 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 193 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 10.06.2021 № 193 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасын, "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы заңын және Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2042 қаулысымен бекітілген "Тауар биржасының үлгі ережесін" іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 7711 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылдың 18 тамызында № 276-278 (27095-27097) жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аукцион бағыты - арттыру немесе төмендетуге арналған аукцион;

      2) аукционға тапсырыс беруші - осы Қағидаларға сәйкес квоталар бірліктерін сату бойынша акционға бастамашылық ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органға бағынысты ведомстволық ұйым;

      3) арттыруға арналған аукцион - қатысушылар квоталар бірліктерін сатып алуға өтінішті бастапқы бағамен бірдей немесе жоғары баға қоя алатын аукцион;

      4) ашу бағасы - биржалық саудалар басталатын баға, не нақты биржалық саудада нақты биржалық тауар (тауарлар тобы) бойынша алғаш жасалған биржалық келісім бағасы;

      5) биржалық брокер (бұдан әрі - брокер) - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сауда қызметтін реттеу саласындағы уәкілетті органмен берілетін лицензия негізінде тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастыру-қоғамдық түрінде құрылатын және тапсырма бойынша тапсырыскердің есебіне және мүддесінде биржалық тауармен келісім жасайтын заңды тұлға;

      6) биржалық дилер (бұдан әрі - дилер) - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сауда қызметтін реттеу саласындағы уәкілетті органмен берілетін лицензия негізінде тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастыру-құқықтық үлгісінде құрылатын және биржалық тауармен өз мүддесінде және өз есебіне, сондай-ақ тапсырыскердің тапсырмасы бойынша келісім жасайтын заңды тұлға;

      7) жаңа және ұлғайтылатын қондырғылар - парниктік газдар шығарындыларының көзі болып табылатын және парниктік газдар шығарындыларын квоталауға жататын, бірақ Экологиялық кодекстің 16-бабы 7) тармағына сәйкес бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) алғашқы бөлу кезінде парниктік газдар шығарындыларына квоталар алмаған және оның қолданылу кезінде пайдалануға берілген қондырғылар;

      8) жоба инвесторы - парниктік газдары шығарындыларын ішкі азайту жобасын қаржыландыруды жүргізетін заңды тұлға;

      9) квоталар бірліктерінің екінші қайтара айналымы - тауар биржасында бұдан бұрын үлестірілген квоталар бірліктерін саудалау;

      10) квоталарды алғашқы сату - Ұлттық жоспарға сәйкес Ұлттық жоспарға кірмеген жаңа және ұлғайтылған операторлар арасында оларды стандартты аукцион тәртібінде сату арқылы жүзеге асырылатын квоталарды бөлу;

      11) клиент - биржалық тауармен келісімшарт жасау үшін делдал және (немесе) дилердің қызметін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      12) лот - сатылатын немесе шарт бойынша жеткізілетін және аукционнан саудаға салынатын квоталар бірліктері немесе шығарындыларды ішкі азайту бірліктері;

      13) мерзімді келісімшарт - орындалу мерзімі ұзартылған базалық активті шартсыз және шартты сату-сатып алу келісімшарты, оған фьючерс, опцион жатады;

      14) операцияларды халықаралық тіркеу журналы - операциялардың дұрыстығын тексеру, оның ішінде белгіленген мөлшер бірліктерін, шығарындыларды азайту бірліктерін, шығарындыларды азайтудың сертификатталған бірліктерін, сіңіру бірліктерін айналымға енгізу, тізілімдер арасында беру және алу, күшін жою және айналымнан шығару үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Климат өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы хатшылығымен белгіленген және басқарылатын көміртегі бірліктерінің ұлттық тізілімдерінде көміртегі бірліктерімен жүргізілген операцияларды тіркеудің халықаралық жүйесі;

      15) опциондық мәміле - объектісі опцион болып табылатын биржалық келісімшарт;

      16) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі сандық міндеттемелері бар халықаралық шарт - Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасы немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасының күші жойылғаннан кейінгі кезеңге парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша оған қатысатын елдердің сандық міндеттемелерін ұзартатын немесе белгілейтін халықаралық шарт;

      17) сауда режимі - тауар биржасының сауда жүйесінде өтінімді жариялау және келісім жасау шарттарының жинтығы;

      18) спот келісімшарты - тиісінше сатушы және сатып алушы өздеріне тиісінше сатушыда келісімшарт жасаған сәтте қолда бар парниктік газдар шығарындыларына квота бірліктерінің және көміртегі бірліктерінің белгілі бір мөлшерін сатып алушыға төлем жасалғаннан кейін, бірақ келісімшарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей бере отырып, сату немесе төлеу міндетін алатын келісімшарт;

      19) стандартты аукцион режимі - сатып алушы (сатушы) – аукцион бастамашысы үшін ең тиімді баға бойынша төмендетуге немесе жоғарылатуға арналған аукцион барысында биржалық мәмілелер жасалатын сауда режимі;

      20) трансакция - бір шоттан Қазақстан Республикасы Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің басқа шотына аудару арқылы орындалатын, оларды шығару, үлестіру, беру, күшін жою, айналымнан шығару, парниктік газдар шығарындыларын квоталау және саудалаудың келесі кезеңіне тасымалдауды қоса алғандағы квоталар бірліктерімен немесе шығарындыларды ішкі азайту бірліктерімен жасалатын операция;

      21) фьючерстік мәміле - сауда қатысушылары болашақта белгілі кезеңде биржалық тауардың белгілі мөлшерін келісімшарт жасау кезінде белгіленген баға бойынша қою (қабылдау) міндеттемелерін өздеріне алумен, тауар биржасында шұғыл келісішарттармен жасалатын, кепілзат төлемімен биржалық келісімшарт, ол бойынша есептеулер клирингтік орталық арқылы жүргізіледі;

      22) халықаралық көміртегі бірліктері - белгіленген мөлшер бірліктері, шығарындыларды азайту бірліктері, шығарындыларды азайтудың сертификатталған бірліктері;

      23) шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін бастапқы беру - шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту немесе олардың сіңірулерін арттыру жобасын қаржыландыратын инвесторға беру;

      24) ішкі азайту шығарындылары бірліктерінің екінші қайтара айналымы - тауар биржасында парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту жобасының инвесторына (инвесторларына) бергеннен кейін орындалатын ішкі азайту шығарындыларының бірліктерімен сауда жасау;

      25) электрондық сауда жүйесі - электрондық биржалық сауда жүргізу үшін қажетті және биржалық мәмілелер мен клиринг жасасу, сондай-ақ ақпарат жинау, сақтау, өңдеу мен ашу үдерісін автоматтандырылуын қамтамасыз ететін қажетті есептеу құралдарының, бағдарламалық қамтамасыз етудің, деректер қорының, телекоммуникациялық құралдардың және тауарлық биржаның басқа жабдықтар кешені.";

      9-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "9. Квота бірліктерінің қолданыста және айналымда болу мерзімі олар сәйкесінше орналастырылған Ұлттық жоспардың әрекет ету кезеңі бойынша есептілікті ұсыну күні аяқталғаннан кейін тоқсан жұмыс күнімен шектеледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "14. Тауар биржасы квота бірліктерімен және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерімен сауданы стандартты аукцион (бұдан әрі - аукцион) тәртібінде тауар биржалары туралы заңнамаға сәйкес ұйымдастырады.";

      25, 26, 27, 28-тармақтар мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "25. Квота бірліктерін сату бойынша бірінші аукционды өткізуге квота көлемінің резервін басқару функциясын жүзеге асыратын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы жаңа және ұлғайтылатын қондырғылар операторларынан Ұлттық жоспардың квоталар көлемінің резервінен квоталар алуға кемінде 2 өтініш алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бастамашылық етеді. Квоталарды сату бойынша одан кейінгі аукциондарды жоспарлау оларды өткізудің ең аз кезеңділігін ескере отырып, бір жылдан сирек емес уақытта жүзеге асырылады.

      26. Квота бірліктерін сату бойынша аукциондарды өткізу саны, кезеңділігі және жоспарланатын кезеңдері туралы ақпарат қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында квота бірліктерін сату бойынша бірінші аукцион өткізілген күннен бастап он бес күннен кешіктірілмей жарияланады.

      27. Бірінші аукционнан сатуға жататын квоталар көлемі Ұлттық жоспардың квота көлемі резервінен отыз пайыздан асыра алмайды. Ұлттық жоспардың квота көлемі резервінен қалған квота бөлігін квота көлемі резервін басқару функциясын жүзеге асыратын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы өз қарауы бойынша басқарады.

      28. Квоталарды сату бойынша аукциондарды өткізуге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы тауар биржасына делдалдық/дилерлік компания арқылы ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2042 қаулысымен бекітілген Тауар биржасының үлгі ережесіне (бұдан әрі – Үлгі ережесі) сәйкес өтініш беру арқылы бастамашылық етеді.";

      29-тармақ алынып тасталсын;

      30, 31-тармақтар мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "30. Жеткізілімі бір жыл квота бірлігін акционнан алғашқы сату жағдайында бір лотты құрайды. Аукционнан сатылуға арналған әр лоттың жалпы ең аз мөлшерін тапсырыс беруші көміртегі қос тотығы эквивалентіндегі жүз еселі тоннасы көлемде белгілейді.

      31. Квоталарды жеткізу мерзімі Үлгі ережесіне сәйкес квоталарды өтеу мерзімін ескере отырып аукционға тапсырыс беруші белгілейді.";

      34-тармақ алынып тасталсын;

      36, 37-тармақтар мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "36. Тауар биржасы квоталарды сату аукционын өткізу жөнінде хабарландыруды аукцион жүгізуге келісім берген күні Үлгі ережесіне сәйкес биржаның интернет-ресурсында жариялайды.

      37. Квоталарды сату бойынша аукционға мүдделі тұлғалар аукционға тапсырыс берушінің байланыс тұлғасына қатысуға өтінішті қолма-қол немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық түрде жолдайды.";

      43, 44-тармақтар мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "43. Қатысуға өтініштер қабылдау мерзімі аяқталған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші делдал/дилер тұлғасында тауар биржасына аукционға қатысуға жіберілген үміткерлер тізімін жолдайды.

      44. Егер аукционға қатысуға екіден аз өтініш берілсе, онда аукцион өткізілмейді. Аукционды болдырмау туралы ақпаратты тауар биржасы өзінің интернет-ресурсында аукционды болдырмау күні жариялайды.";

      мынадай мазмұндағы 4-1 тараумен толықтырылсын:

      "4-1. Бағаның құрылуы және баға белгілеу

      44-1. Квота бірліктерін және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін тауар биржасында іске асыру биржалық келісімшарт тараптарының келісімімен белгіленетін еркін баға бойынша жүргізіледі.

      44-2. Тауар биржасында баға деңгейі биржалық сауданы жүргізу уақытында квота бірліктері және шығарындыларды ішкі азайту бірліктеріне сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен анықталады.

      44-3. Жоқ болған жағдайда, тауар биржасында квота бірліктерінің қайталама айналымында оларға биржалық баға белгілеу саудасын жүргізу күні квота бірлігі үшін баға Ұлттық жоспардың квоталар көлемінің резервін басқару бойынша міндетті іске асыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымға қызмет ұсынатын халықаралық тәуелсіз ақпарат жеткізушісінің квота бірліктеріне бағаны биржалық баға белгілеу есебімен анықталады.

      44-4. Тауар биржасында баға белгілеу қалыптасқан нарық жағдаяты есебімен тауар биржасында іске асырылатын квота бірліктері және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің бағалары туралы дәйекті ақпарат алу мақсатымен жүргізіледі.

      44-5. Квота бірліктері және шығарындыларды ішкі азайту бірліктеріне баға белгілеу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржасымен жүзеге асырылады.

      44-6. Баға белгілеу анықтамалық сипатта болады және биржалық тауар қатысушылары және басқа мүдделі тұлғалар үшін бағдарлы болып табылады.".

      2. Климаттың өзгеруі жөніндегі департамент осы бұйрықтың:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін


атқарушы

Т. Ахсамбиев


О внесении изменений и дополнений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 11 мая 2012 года № 151-п "Об утверждении правил торговли квотами на выбросы парниковых газов и углеродными единицами"

Приказ и.о. Министра окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан от 28 февраля 2014 года № 69-ө. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 апреля 2014 года № 9286. Утратил силу приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 10 июня 2021 года № 193.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 10.06.2021 № 193 (вводится в действие с 01.07.2021).

      В целях реализации подпункта 29) статьи 17 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, в соответстствии с Законом Республики Казахстанот 4 мая 2009 года "О Товарных биржах" и Типовыми правилами биржевой торговли, утвержденными Постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 2009 года № 2042, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 11 мая 2012 года № 151-п "Об утверждении правил торговли квотами на выбросы парниковых газов и углеродными единицами" (зарегистрированый в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7711, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 18 августа 2012 г. № 276-278 (27095-27097) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах торговли квотами на выбросы парниковых газов и углеродными единицами, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) направление аукциона - аукцион на повышение или понижение;

      2) заказчик аукциона - подведомственная организация Министерства охраны окружающей среды, инициирующая аукцион по продаже единиц квот в соответствии с настоящими Правилами;

      3) аукцион на повышение - аукцион, при котором участники могут выставлять заявки на покупку единиц квот только по цене равной или выше стартовой цены;

      4) цена открытия - цена, с которой начинаются биржевые торги, либо цена первой совершенной биржевой сделки по конкретному биржевому товару (группе товаров) на конкретном биржевом торге;

      5) биржевой брокер (далее - брокер) - юридическое лицо, осуществляющее свою деятельность на товарной бирже на основании лицензии, выдаваемой уполномоченным органом в области регулирования торговой деятельности, в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан, создаваемое в организационно-правовой форме акционерного общества или товарищества с ограниченной ответственностью и совершающее сделки с биржевым товаром по поручению, за счет и в интересах клиента;

      6) биржевой дилер (далее - дилер) - юридическое лицо, осуществляющее свою деятельность на товарной бирже на основании лицензии, выдаваемой уполномоченным органом в области регулирования торговой деятельности, в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан, создаваемое в организационно-правовой форме акционерного общества или товарищества с ограниченной ответственностью и совершающее сделки с биржевым товаром в своих интересах и за свой счет, а также по поручению клиента;

      7) новые установки - установки, являющиеся источником выбросов парниковых газов и подпадающие под квотирование выбросов парниковых газов, но которые не получили квоты на выбросы парниковых газов при первоначальном распределении в соответствии с Национальным планом распределения квот на выбросы парниковых газов, утверждаемый в соответствии с пунктом 7) статьи 16 Экологического кодекса (далее - Национальный план), и были введены в эксплуатацию в период его действия;

      8) инвестор проекта - юридическое лицо, за счет средств которого осуществляется финансирование проекта внутреннего сокращения выбросов парниковых газов;

      9) вторичный оборот единиц квот - торговля ранее распределенными единицами квот на товарной бирже;

      10) первичная продажа квот - распределение единиц квот в соответствии с Национальным планом среди операторов новых и расширяемых установок, не включенных в Национальный план, осуществляемая посредством их продажи в режиме стандартного аукциона;

      11) клиент - физическое или юридическое лицо, пользующееся услугами брокера и (или) дилера для совершения сделок с биржевым товаром;

      12) лот - партия единиц квот или единиц внутреннего сокращения выбросов, продаваемая или поставляемая по договору и выставляемая на продажу с аукциона;

      13) срочный контракт - контракт на безусловную или условную куплю-продажу базового актива с отсроченным исполнением, к нему относятся фьючерс, опцион;

      14) международный регистрационный журнал операций - международная система регистрации произведенных операций с углеродными единицами в национальных реестрах углеродных единиц, управляемая Секретариатом Рамочной конвенции Организации Объединенных Наций об изменении климата, и осуществляемая с целью проверки подлинности операций;

      15) опционная сделка – биржевая сделка, объектом которой является опцион;

      16) международный договор с количественными обязательствами по сокращению выбросов парниковых газов - Киотский протокол к Рамочной конвенции Организации Объединенных Нации об изменению климата, либо международный договор, продлевающий или устанавливающий количественные обязательства участвующих в нем государств по сокращению выбросов парниковых газов на период после прекращения действия Киотского протокола к Рамочной конвенции Организации Объединенных Нации об изменении климата;

      17) режим торговли - совокупность условий объявления заявок и заключения сделок в торговой системе товарной биржи;

      18) спотовый контракт - контракт, в соответствии с которым продавец и покупатель принимают на себя соответственно обязательства продать и оплатить определенное количество единиц квот на выбросы парниковых газов и углеродных единиц, имеющихся в наличии у продавца в момент заключения контракта, с их передачей покупателю после оплаты, но не позднее десяти рабочих дней со дня заключения контракта;

      19) режим стандартного аукциона – режим торговли, при котором биржевые сделки заключаются в ходе аукциона на понижение или повышение по наилучшей цене для покупателя/продавца – инициатора аукциона;

      20) трансакция - операция с единицами квот либо единицами внутреннего сокращения выбросов, осуществляемая посредством их перевода с одного счета на другой счет Государственного реестра углеродных единиц Республики Казахстан, включая их выпуск, распределение, передачу, аннулирование, изъятие из обращения, перенос на следующий период квотирования и торговли выбросами парниковых газов;

      21) фьючерсная сделка – биржевая сделка с уплатой залога, расчеты по которому проводятся через клиринговый центр, совершаемая со срочными контрактами на товарной бирже, с принятием участниками торгов на себя обязательств поставить (принять) определенное количество биржевого товара в определенный период в будущем по цене, установленной в момент заключения сделки;

      22) международные углеродные единицы - единицы установленного количества, единицы сокращения выбросов, единицы сертифицированного сокращения выбросов, единицы поглощения и другие производные от них углеродные единицы;

      23) первичная передача единиц внутреннего сокращения выбросов - передача единиц внутреннего сокращения выбросов инвестору, финансирующему проект внутреннего сокращения выбросов парниковых газов либо увеличения их поглощения;

      24) вторичный оборот единиц внутреннего сокращения выбросов - торговля единицами внутреннего сокращения выбросов, осуществляемая после их передачи инвестору (инвесторам) проекта внутреннего сокращения выбросов парниковых газов на товарной бирже;

      25) электронная торговая система - комплекс вычислительных средств, программного обеспечения, баз данных, телекоммуникационных средств и другого оборудования товарной биржи, необходимый для проведения электронных биржевых торгов и обеспечивающий автоматизацию процесса заключения биржевых сделок и клиринга, а также сбора, хранения, обработки и раскрытия информации.";

      Пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Срок действия и обращения единиц квот ограничивается девяноста рабочими днями после даты окончания предоставления отчетности по периоду действия Национального плана, в соответствии с которым они размещены.";

      Пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Товарная биржа организует торговлю единицами квот и единицами внутреннего сокращения выбросов в соответствии с законодательством о товарных биржах в режиме стандартного аукциона (далее - аукцион).";

      пункты 25, 26, 27, 28 изложить в следующей редакции:

      "25. Проведение первого аукциона по продаже единиц квот инициируется подведомственной организацией уполномоченного органа в области охраны окружающей среды, осуществляющей функции управления резервом объема квот, в течение десяти рабочих дней после получения уполномоченным органом в области охраны окружающей среды не менее 2 заявок операторов новых и расширяемых установок на получение квот из резерва объема квот Национального плана. Планирование последующих аукционов по продаже квот осуществляется с учетом минимальной периодичности их проведения не реже, чем каждый год.

      26. Информация о количестве, периодичности и планируемых периодах проведения аукционов по продаже единиц квот публикуется на интернет-ресурсе уполномоченного органа в области охраны окружающей среды не позднее пятнадцати дней со дня проведения первого аукциона по продаже единиц квот.

      27. Объем квот, подлежащих продаже с первого аукциона, не может превышать тридцати процентов от резерва объема квот Национального плана. Оставшейся частью квот от резерва объема квот Национального плана подведомственная организация уполномоченного органа в области охраны окружающей среды, осуществляющая функции управления резервом объема квот, управляет по своему усмотрению.

      28. Проведение аукционов по продаже квот инициируется подведомственной организацией уполномоченного органа в области охраны окружающей среды посредством подачи товарной бирже через брокерскую/дилерскую компанию заявки в соответствии с Типовыми правилами биржевой торговли, утвержденными постановлением Правительства РК от 8 декабря 2009 года № 2042 (далее – Типовые правила).";

      пункт 29 исключить;

      пункты 30, 31 изложить в следующей редакции:

      "30. В случае первичной продажи с аукциона единицы квот с одним годом поставки составляют один лот. Общий минимальный размер каждого лота, предназначенного для продажи с аукциона, устанавливается заказчиком в объеме кратном ста тоннам в эквиваленте двуокиси углерода.

      31. Сроки поставки квот устанавливаются заказчиком аукциона с учетом срока погашения квот, в соответствии с Типовыми правилами.";

      пункт 34 исключить;

      пункты 36, 37 изложить в следующей редакции:

      "36. Товарная биржа публикует объявление о проведении аукциона на продажу квот в день дачи согласия на проведение аукциона, на интернет-ресурсе биржи в соответствии с Типовыми правилами.

      37. Лица, заинтересованные в участии в аукционе по продаже квот, подают заявки на участие контактному лицу заказчика аукциона, нарочно либо электронным способом с использованием электронной цифровой подписи.";

      пункты 43, 44 изложить в следующей редакции:

      "43. В течение двух рабочих дней с даты окончания срока для приема заявок на участие заказчик в лице брокера/дилера направляет товарной бирже список претендентов, допущенных для участия в аукционе.

      44. В случае, если на участие в аукционе подано менее двух заявок, то аукцион не проводится. Информация об отмене аукциона публикуется товарной биржей на ее интернет-ресурсе в день отмены аукциона.";

      дополнить главой 4-1 следующего содержания:

      "4-1. Ценообразование и котировка

      44-1. Реализация единиц квот и единиц внутреннего сокращения выбросов на товарной бирже производится по свободной цене, устанавливаемой по соглашению сторон биржевой сделки.

      44-2. Уровень цен на товарной бирже определяется соотношением спроса и предложения на единицы квот и единицы внутреннего сокращения выбросов на момент проведения биржевых торгов.

      44-3. В случае отсутствия на день проведения торгов биржевой котировки цен на единицу квот во вторичном их обороте на товарной бирже, цена за единицу квот определяется с учетом биржевой котировки цен на единицы квот международного независимого поставщика информации, предоставляющего услуги подведомственной организации уполномоченного органа в области охраны окружающей среды для осуществления функций по управлению резервом объема квот Национального плана.

      44-4. Котировка цен на товарной бирже производится с целью получения достоверной информации о ценах на единицы квот и единицы внутреннего сокращения выбросов, реализуемые на товарной бирже с учетом сложившейся конъюнктуры рынка.

      44-5. Котировка цен на единицы квот и единицы внутреннего сокращения выбросов осуществляется товарной биржей в соответствии с законодательством Республики Казахстан о товарных биржах.

      44-6. Цены котировки носят справочный характер и являются ориентировочными для участников биржевой торговли и иных заинтересованных лиц.".

      2. Департаменту по изменению климата обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности министра

Т. Ахсамбиев