"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты" мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 370 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 80 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 сәуірде № 9321 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 211 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 9-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 370 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 7970 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылдың 8 желтоқсанында № 809-814 (27885) ресми түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау қағидасын бекіту жөнінде»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау қағидасы бекітілсін»;
      осы бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау қағидасында:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау қағидасы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      « 1. Осы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Білім туралы»«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына сәйкес әзірленді».»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Институт) бекітілген мамандықтар тізбесіне сәйкес жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауды жүзеге асырады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Сырттай оқу бөліміне 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, оқуға түсу жылының 1 қыркүйекте жасы 35-тен аспаған, техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігінің (бұдан әрі – Министрлік) жинақтаушы органдарының қызметкерлері қабылданады.
      Сырттай оқуға «Өрт қауіпсіздігі» мамандығына тектес техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар тұлғалар кешендік тестілеудің нәтижелері бойынша қабылданады.
      «Өрт қауіпсіздігі» жоғары білім мамандығына техникалық және кәсіптік білімнің мынадай мамандықтары тектес болып табылады: «Өрт қауіпсіздігі», «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» және «Төтенше жағдайларда қорғау».
      Сырттай оқуға жоғары білімі бар тұлғаларды қабылдау «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қабылдау комиссиясы үш кезеңде жүзеге асырады:
      бірінші кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша тестілеу өткізіледі: Қазақстан Республикасының Конституциясы«Құқық қорғау қызметі туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Өрт қауіпсіздігі» Заңдары, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы.
      екінші кезеңде әңгімелесу өткізіледі;
      үшінші кезеңде қорытынды шешім қабылдау үшін мандаттық комиссияның отырысы өткізіледі.».
      2. Қадрлық қамтамасыз ету департаменті (Е.Б. Құлтаев) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, Өртке қарсы қызмет комитетінің, облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің, облыстар, Астана және Алматы қалалары ведомстволық бағынысты «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемелерінің, «Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшылары осы бұйрықты қызметкерлерінің назарына жеткізсін және оның орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі                 В. Божко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      ____________ А. Сәрінжіпов
      2014 жылғы _____________

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 23 августа 2012 года № 370 "Об утверждении Правил приема граждан в государственное учреждение "Кокшетауский технический институт Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан"

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 3 марта 2014 года № 80. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 апреля 2014 года № 9321. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 211

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 12.03.2015 № 211 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В реализацию пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан «О правоохранительной службе», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 23 августа 2012 года № 370 «Об утверждении Правил приема граждан в государственное учреждение «Кокшетауский технический институт Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7970, официально опубликован в газетах «Казахстанская правда» 8 декабря 2012 года № 427-428 (27246-27247)) следующие изменения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении Правил приема граждан в республиканское государственное учреждение «Кокшетауский технический институт Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»;
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Утвердить прилагаемые Правила приема граждан в республиканское государственное учреждение «Кокшетауский технический институт Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан».»;
      в Правилах приема граждан в государственное учреждение «Кокшетауский технический институт Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан», утвержденных указанным приказом:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Правила приема граждан в республиканское государственное учреждение «Кокшетауский технический институт Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»;
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Настоящие правила приема граждан в республиканское государственное учреждение «Кокшетауский технический институт Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан», реализующие профессиональные учебные программы высшего образования (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан «Об образовании», «О правоохранительной службе», постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 111 «Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования».»;
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. Республиканское государственное учреждение «Кокшетауский технический институт Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан» (далее - Институт) осуществляет подготовку специалистов с высшим профессиональным образованием в соответствии с утвержденным перечнем специальностей.»;
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      «5. На заочное обучение принимаются сотрудники комплектующих органов Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан (далее - Министерство) со стажем службы не менее 1 года, в возрасте не старше 35 лет по состоянию на 1 сентября в год поступления и имеющие техническое и профессиональное, высшее образование.
      Прием лиц на заочное обучение, имеющих техническое и профессиональное образование, родственное специальности высшего образования «Пожарная безопасность», осуществляется по результатам комплексного тестирования.
      Для специальности высшего образования «Пожарная безопасность» родственными являются следующие специальности технического и профессионального образования: «Пожарная безопасность», «Безопасность жизнедеятельности и защита окружающей среды» и «Защита в чрезвычайных ситуациях».
      Прием лиц на заочное обучение, имеющих высшее образование, осуществляется государственной приемной комиссией республиканского государственного учреждения «Кокшетауский технический институт Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан» в три этапа:
      на первом этапе проводится тестирование на знание законодательства Республики Казахстан: Конституции Республики Казахстан, Законов «О правоохранительной службе», «О борьбе с коррупцией», «О пожарной безопасности», Указа Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 «О кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан»;
      на втором этапе проводится собеседование;
      на третьем этапе проводится заседание мандатной комиссии для принятия окончательного решения.».
      2. Департаменту кадрового обеспечения (Култаев Е.Б.) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование в установленном законодательством порядке.
      3. Руководителям структурных подразделений Центрального аппарата Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, Комитета противопожарной службы, департаментов по чрезвычайным ситуациям областей, городов Астана и Алматы, подведомственных государственных учреждений «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ» областей, городов Астана и Алматы, республиканского государственного учреждения «Кокшетауский технический институт», государственного учреждения «Республиканский кризисный центр» довести настоящий приказ до сведения сотрудников и обеспечить его исполнение.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан Смаилова Ж.А.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
      по чрезвычайным ситуациям
      Республики Казахстан                       В. Божко

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр образования и науки
      Республики Казахстан
      _______________ А. Саринжипов
      «___» _____________ 2014 года