Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 26 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 сәуірде № 9329 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 17 қазанда № 233 (28172) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) кастодиандық шарт - кастодиан және оның клиенті жасайтын, клиентке кастодиандық қызмет көрсету бойынша қызмет ұсыну тәртібін айқындайтын сақтау және тапсыру шарты;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                         Қ. Келімбетов

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 июля 2013 года № 184 "Об утверждении Правил осуществления кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 февраля 2014 года № 26. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 апреля 2014 года № 9329.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 10 января 2014 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социального обеспечения", Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 июля 2013 года № 184 "Об утверждении Правил осуществления кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8692, опубликованное 17 октября 2013 года в газете "Казахстанская правда" № 295 (27569) следующее изменение:

      в Правилах осуществления кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 3) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "3) кастодиальный договор - договор хранения и поручения, заключаемый кастодианом и его клиентом, определяющий порядок предоставления клиенту услуг по кастодиальному обслуживанию;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

К. Келимбетов