«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4748 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзгеде мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған, 2007 ж., маусым) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы»
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 24-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі қағидалар бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі қағидалар»
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі қағидалар «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кітапханаларда сақталатын құжаттардың қалыптасуы, сақталуы мен тиімді пайдалануын ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.»;
мынадай мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Кітапханалардың кітап қорының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында баспа басылымдары мен материалдардың жиынтық және жеке есебі жүргізіледі.»;
10-тармақ алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Кітапхана қорындағы баспа басылымдары мен материалдарға алғаш келіп түскен кезінде берілген инвентарлық нөмірлерді, төтенше жағдайларды қоспағанда (өрт, табиғи апат), өзгертуге, түзетуге, алып тастауға жол берілмейді.
Материалдық жауапты тұлға ауысқан, ұрлау фактілері анықталған, кітапхана қайта ұйымдастырылған және жойылған жағдайларда кітапханалардың кітап қорын түгендеу жүргізіледі.».
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мұхамедиұлы