Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 410 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 15 тамызда № 9693 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі Заңының 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидалары бекітілсін.

      2. Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті (Н.Ә. Балтабаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаментіне (Н.Ә. Балтабаев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 3 шілдедегі
№ 410 бұйрығымен
Бекітілді

Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 26.11.2019 № 1013 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі Заңы 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі істер органдары жүйесінде ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру тәртібін анықтайды.

      2. Осы бұйрықта келесі түсініктер қолданылады:

      1) жүйе әкімшісі қызметі – ақпараттық жүйені және байланыс жүйесін сүйемелдеуді жүзеге асыратын ішкі істер органдарының, ұлттық ұланның бөлімшесі;

      2) ақпараттандыру және байланыс қызметі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының және оның аумақтық ішкі істер органдарының бөлімшесі;

      3) ақпараттық жүйе – ақпараттық технологиялардың, техникалық құралдардың, есептеу және коммуникациялық құрал-жабдықтардың, бағдарламалық қамтамасыз етудің жиынтығы, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жүйелік қызметкерлер;

      4) байланыс желісі – радиоарналарды көрсету үшін өзара іс-қимыл жасайтын желілер кешені.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 26.11.2019 № 1013 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Ақпараттық жүйелер және байланыс жүйелері заңды және жеке тұлғаларға, мемлекеттік органдарға өзекті ақпарат ұсыну, электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету, ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету, қызметті үйлестіру, басқару процесстерін оңтайландыру мақсатында құрылады және жұмыс істейді.

2-тарау. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 26.11.2019 № 1013 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді және байланыс желілерін құру және енгізу тапсырыс беруші қызметтердің қажеттілігіне және оларға жүктелген міндеттерге қарай жүзеге асырылады.

      5. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді және байланыс желілерін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен белгіленген тәртіпте Ішкі істер министрлігіне бөлінетін бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      6. Ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілердің, байланыс желілерінің құралдарын және құрамдас бөліктерін сатып алу мемлекеттік сатып алу туралы заңнамамен көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

      7. Ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілердің, байланыс желілерінің тізбесі сәйкестілігін қамтамасыз ету мақсатында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ақпараттандыру және байланыс қызметімен келісуге жатады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 26.11.2019 № 1013 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ішкі істер органдарының құрылымдық, аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері енгізуге жоспарланған барлық ақпараттық жүйелердің, телекоммуникациялық желілердің және байланыс желілерінің құжаттамаларын, сондай-ақ оларды еріп жүруді және дамытуды ақпараттандыру және байланыс қызметімен келісуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 26.11.2019 № 1013 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Тапсырыс беруші қызмет пен ақпараттандыру және байланыс қызметінің қауіпсіз және сапалы өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету үшін "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығына сәйкес жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізеді" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген).

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.05.2024 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін пайдалану және жетілдіру тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 26.11.2019 № 1013 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Ақпараттық-коммуникациялық, телекоммуникациялық желілердің және байланыс желілерінің жұмыс істеуі және пайдалану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, нормативтік-техникалық құжаттамасына және стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін жетілдіру функционалдық бөлігін кеңейту, қосымша деректемелер мен параметрлерді енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      12. Жүйенің әкімші қызметі:

      1) ақпарат бұзылған немесе бүлінген жағдайда оның сақталуын, қорғалуын, қалпына келтірілуін, резервтік көшіруді ақпараттық-коммуникациялық, телекоммуникациялық желілерді және байланыс желілерін пайдалану процессінде ақпараттың ақпараттық жүйелердегі, электрондық ақпараттық ресурстардағы заманауи өзектілігіне уақытына бақылауды қамтамасыз етеді;

      2) пайдаланушылардың жүйе ресурстарына қол жетімділік деңгейін анықтайды, логиндер мен парольдер береді;

      3) ақпараттық жүйелерге, ақпараттық-коммуникациялық жүйелерге және телекоммуникациялық желілерге, байланыс желілеріне рұқсаты бар қызметкерлердің есебін жүргізеді;

      4) байланыс желілеріне жүгіну қажеттілігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына тиісті нысанда уақытша немесе тұрақты уақыт кезеңіне рұқсат ресімдейді.

      13. Ақпараттық жүйелерде және байланыс жүйелерінде ақпаратты қорғау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырушылық, бағдарламалық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі.

  Ақпараттық жүйелерді,
ақпараттық-коммуникациялық
және телекоммуникациялық
желілерді, байланыс желілерін
құру, пайдалану және жетілдіру
қағидаларына қосымша

Ақпараттық жүйелер, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілер, байланыс желілер тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 26.11.2019 № 1013 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер.

      2. Ақпараттық-іздеу кешендері.

      3. Аппараттық-бағдарламалық кешендер.

      4. Спутниктік байланыс жүйелері.

      5. Радио қолжетімділік жүйелері.

      6. 50 және одан көп нөмірге арналған АТС (автоматты телефон станциясы).

      7. Транкингтік байланыс жүйелері.

      8. Транкингтік байланыс радиостанциялары.

      9. Деректер базасының серверлері.

      10. Ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-аппараттық және басқа да техникалық құралдары.

      11. Бейнеконференцбайланыс жүйелері.

      12. Сыртқы бейнебақылау жүйелері.

      13. Жылжымалы объектілердің орналасқан жерін автоматты анықтау жүйелері (GPS).

      14. Мобильді және тасымалданатын бейнетіркегіштер.

      15. Мобильді және тасымалданатын бейнетіркегіштерден бейнеақпаратты жүктеу жүйелері.

      16. Техникалық нығайту жүйелері.

      17. РББЖ (рұқсатты бақылау және басқару жүйесі).


Об утверждении Правил создания, использования и совершенствования информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 3 июля 2014 года № 410. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 августа 2014 года № 9693.

      В соответствии с подпунктом 25) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 23 апреля 2014 года "Об органах внутренних дел Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила создания, использования и совершенствования информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи.

      2. Департаменту технической службы Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Балтабаев Н.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел генерал-майора Куренбекова А.Ж. и Департамент технической службы Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Балтабаев Н.А.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


генерал-лейтенант полиции

К. Касымов


  Утверждены
приказом Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 3 июля 2014 года № 410

Правила создания, использования и совершенствования
информационных систем, информационно-коммуникационных и
телекоммуникационных сетей, сетей связи

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 26.11.2019 № 1013 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила создания, использования и совершенствования информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 25) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 23 апреля 2014 года "Об органах внутренних дел Республики Казахстан" и определяют порядок создания, использования и совершенствования информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи в системе органов внутренних дел.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) служба - администратор системы – подразделение органов внутренних дел, национальной гвардии, осуществляющее сопровождение информационной системы и системы связи;

      2) служба информатизации и связи – подразделение центрального аппарата Министерства внутренних дел Республики Казахстан и его территориальных органов внутренних дел;

      3) информационная система – совокупность информационных технологий, технических средств, вычислительного и коммуникационного оборудования, программного обеспечения, а также системный персонал, обеспечивающий ее работу;

      4) сеть связи – комплекс взаимодействующих сетей для трансляции радиоканалов.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным приказом Министра внутренних дел РК от 26.11.2019 № 1013 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Информационные системы и системы связи создаются и функционируют в целях представления физическим и юридическим лицам, государственным органам актуальной информации, оказания электронных государственных услуг, обеспечения информационного обмена, координации деятельности, оптимизации процессов управления.

Глава 2. Порядок создания информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 26.11.2019 № 1013 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Создание и внедрение информационных систем информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи осуществляется исходя из потребностей служб-заказчиков и возложенных на них задач.

      5. Финансирование информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи осуществляется за счет бюджетных средств, выделяемых Министерству внутренних дел в порядке, установленном бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      6. Закуп средств и компонентов информационных систем информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи осуществляется в порядке, предусмотренном законодательством о государственных закупках.

      7. В целях обеспечения совместимости перечень информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи согласно приложению, к настоящим Правилам подлежат согласованию службой информатизации и связи.

      Сноска. Пункт 7 в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 26.11.2019 № 1013 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Структурные, территориальные подразделения и подведомственные государственные учреждения органов внутренних дел обеспечивают согласование документации всех планируемых к внедрению информационных систем, телекоммуникационных сетей и сетей связи, а также их сопровождение и развитие со службой информатизации и связи.

      Сноска. Пункт 8 в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 26.11.2019 № 1013 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Для обеспечения безопасного и качественного взаимодействия служба-заказчик и служба информатизации и связи проводят испытание системы на соответствие требованиям информационной безопасности согласно приказу Министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 3 июня 2019 года № 111/НҚ "Об утверждении методики и правил проведения испытаний объектов информатизации "электронного правительства" и критически важных объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры на соответствие требованиям информационной безопасности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 18795).

      Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 20.05.2024 № 410 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Порядок использования и совершенствования информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи

      Сноска. Заголовок главы 3 в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 26.11.2019 № 1013 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Функционирование и эксплуатация информационно-коммуникационных, телекоммуникационных сетей и сетей связи осуществляется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан, нормативно-технической документацией и стандартами.

      11. Совершенствование информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи осуществляется путем расширения функциональной части, введения дополнительных реквизитов и параметров.

      12. Служба - администратор системы:

      1) обеспечивает сохранность, защиту, восстановление в случае сбоя или повреждения информации, резервное копирование и контроль над своевременной актуализацией информации в информационных системах, электронных информационных ресурсах в процессе эксплуатации информационно-коммуникационных, телекоммуникационных сетей и сетей связи;

      2) определяет уровни доступа пользователей к ресурсам системы, присваивает логины и пароли;

      3) ведет учет сотрудников, которые имеют доступ к информационным системам, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетям, сетям связи.

      4) с учетом необходимости обращения к сетям связи оформляет допуск к государственным секретам Республики Казахстан соответствующей формы на временный или постоянный период времени.

      13. Защита информации в информационных системах и системах связи обеспечивается комплексом организационных, программных и технических мероприятий в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

  Приложение
к Правилам создания,
использования и совершенствования
информационных систем,
информационно-коммуникационных и
телекоммуникационных сетей, сетей связи

Перечень информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи

      Сноска. Приложение в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 26.11.2019 № 1013 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Автоматизированные информационные системы.

      2. Информационно-поисковые комплексы.

      3. Аппаратно-программные комплексы.

      4. Системы спутниковой связи.

      5. Системы радиодоступа.

      6. АТС (автоматическая телефонная станция) на 50 и более номеров.

      7. Системы транкинговой связи.

      8. Радиостанции транкинговой связи.

      9. Серверы баз данных.

      10. Программно-аппаратные и прочие технические средства защиты информации.

      11. Системы видеоконференцсвязи.

      12. Системы внешнего видеонаблюдения.

      13. Системы автоматического определения местоположения подвижных объектов (GPS).

      14. Мобильные и носимые видеорегистраторы.

      15. Системы выгрузки видеоинформации с мобильных и носимых видеорегистраторов.

      16. Системы технической укрепленности.

      17. СКУД (система контроля и управления доступом).