Күзетілетін объектілерге алып өтуге тыйым салынған заттар мен заттектердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет қызметінің бастығының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 94 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 қыркүйекте № 9767 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2018 жылғы 9 қазандағы № 11-244 қбп бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 09.10.2018 № 11-244 қбп бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Күзетілетін объектілерге алып өтуге тыйым салынған заттар мен заттектердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Екінші департаменті белгіленген заңнамалық тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы таныстырылсын.

генерал-майор

А. Күреңбеков



  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
  күзет қызметі Бастығының
  2014 жылғы 29 тамыздағы
  № 94 бұйрығымен бекітілген

Күзетілетін объектілерге алып өтуге тыйым салынған заттар мен заттектердің тізбесі

      1. Қару:

      1) оқатар;

      2) зақымды, газды және жарықтық-дыбыстық әрекет оқтары бар ұңғысыз;

      3) суық, сондай-ақ суық қаруға жатпайтын пышақтардың әртүрлі түрлері;

      4) лақтыру;

      5) пневматикалық;

      6) газды;

      7) электр;

      8) сигналдық;

      9) зақымдау әрекеті радиоактивтік сәулелену және биологиялық әсер етуді пайдалануға негізделген қару және өзге де заттар;

      10) Зақымдау әрекеті электромагниттік, жарықтық, жылулық, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулеленуді пайдалануға негізделген қару және өзге де заттар;

      11) қарудың жоғарыда көрсетілген түрлерін имитациялайтын заттар;

      12) қару ретінде пайдаланылуы мүмкін заттар (соғатын-бөлшектейтін, лақтыру және шанышпалы-кесуші әрекеттер заттары);

      13) қарудың оқ-дәрілері және оның құрамдас бөліктері.

      2. Адам ағзасына жас ағызғыш, тітіркендіретін, және басқа да жағымсыз әсер етумен жабдықталған механикалық және аэрозольдік бүріккіш және басқа да құрылғылар;

      3. Заттектер:

      1) жарылғыш;

      2) есірткі;

      3) психотроптық;

      4) улы;

      5) уландырғыш;

      6) радиоактивтік;

      7) ащы;

      8) пиротехникалық;

      9) оңай тұтанатын.

      4. Сынған фото, бейне және дыбыс жазатын аппараттар.

Об утверждении Перечня предметов и веществ, запрещенных к проносу на охраняемые объекты

Приказ Начальника службы государственной охраны Республики Казахстан от 29 августа 2014 года № 94. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 сентября 2014 года № 9767. Утратил силу приказом Начальника Службы государственной охраны Республики Казахстан от 9 октября 2018 года № 11-244 дсп.

      Сноска. Утратил силу приказом Начальника Службы государственной охраны РК от 09.10.2018 № 11-244 дсп.

      В соответствии с пунктом 1) статьи 9 Закона Республики Казахстан "О Службе государственной охраны Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый Перечень предметов и веществ, запрещенных к проносу на охраняемые объекты.

      2. Второму департаменту Службы государственной охраны Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации.

      4. С приказом ознакомить личный состав Службы государственной охраны Республики Казахстан.

генерал-майор

А. Куренбеков


  Утвержден
приказом Начальника
Службы государственной охраны
Республики Казахстан
от 29 августа 2014 года № 94

Перечень
предметов и веществ,
запрещенных к проносу на охраняемые объекты

      1. Оружие:

      1) огнестрельное;

      2) бесствольное с патронами травматического, газового и светозвукового действия;

      3) холодное, а также ножи различных видов, не относящиеся к холодному оружию;

      4) метательное;

      5) пневматическое;

      6) газовое;

      7) электрическое;

      8) сигнальное;

      9) оружие и иные предметы, поражающее действие которых основано на использовании радиоактивного излучения и биологического воздействия;

      10) оружие и иные предметы, поражающее действие которых основано на использовании электромагнитного, светового, теплового, инфразвукового или ультразвукового излучения;

      11) предметы, имитирующие вышеперечисленные виды оружия;

      12) предметы, которые могут быть использованы в качестве оружия (предметы ударно-дробящего, метательного и колюще-режущего действия);

      13) боеприпасы к оружию и составные части к нему.

      2. Механические и аэрозольные распылители и другие устройства, снаряженные слезоточивым, раздражающим и другим негативным воздействием на организм человека.

      3. Вещества:

      1) взрывчатые;

      2) наркотические;

      3) психотропные;

      4) ядовитые;

      5) отравляющие;

      6) радиоактивные;

      7) едкие;

      8) пиротехнические;

      9) легковоспламеняющиеся.

      4. Неисправная фото-, видео- и звукозаписывающая аппаратура.