Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.12.2020 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-1-бабы 1-тармағы 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың мерзімді басылымдарда және "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.К. Есентаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мұхамедиұлы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушы
__________ Д. Арғындықов
2014 жылғы 28 қараша
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 110 бұйрығымен бекітілген |
Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) спорт жарыстарына қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеруден өткізудің тәртібін айқындайды.
2. Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексерудің (бұдан әрі – медициналық тексеру) негізгі мақсаттар жан-жақты диагностикалау және спортшы денсаулығының деңгейі мен функционалдық жай-күйін бағалау, қажетті емдік-алдын-алу, қалпына келтіру және оңалту іс-шараларын, болашақтағы дайындығын түзету бойынша ұсыныстар белгілеу, дайындықтың белгілі бір кезеңі аяқталғаннан кейінгі денсаулық деңгейін, дене жұмыс қабілетін және дайындығын анықтау болып табылады.
2-тарау. Медициналық тексеру түрлері
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Медициналық тексеру мыналарды қамтиды:
1) тереңдетілген медициналық тексеру;
2) кезеңдік медициналық тексеру;
3) ағымдағы медициналық тексеру және дәрігерлік-педагогикалық бақылау;
4) кешенді функционалдық тестілеу;
5) медициналық тексерудің қосымша түрі (жарыс алдындағы тексеру).
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Спортшыларды тереңдетілген медициналық тексеру спортшының физикалық дамуы, денсаулық жағдайы, соның ішінде функционалдық жағдайы және оның серпінді дене жұмыс қабілетінің туралы толық және жан-жақты ақпараттар алу, мақсатында жүргізіледі.
5. Тереңдетілген медициналық тексеру келесі тексерулерді қамтиды:
1) басқа мамандардың көрсеткіштері бойынша спорт дәрігерінің, оташы-травматологтың, невропатологтың, тіс дәрігерінің, отоларингологтың, көз дәрігерінің, урологтың (гинекологтың), гастроэнтерологтың, емдік дене шынықтыру дәрігерінің;
2) қанның, зәрдің және нәжістің зертханалық талдауы; энергетикалық метаболизмнің реттегішін анықтау үшін тамырыдан алынатын қанның биохимиялық талдауы, тиреоидтік мәртебесін бағалау, ферменттердің деңгейін бағалау, биохимиялық көрсеткіштерді бағалау;
3) функционалды-диагностикалық және антропометриялық тексеру: (қалыпты жағдайдағы және физикалық жүктемесі кезіндегі электрокардиограмма, эргоспирометрия әдісімен жалпы физикалық жұмыс қабілетін тестілеу, барлық спорт түрлерімен шұғылданатын спортшыларды (жылдамдық-күштік спорт түрлері үшін анаэробты жұмыс қабілетін зерттеу) PWC 170 тесті бойынша тестілеу (жалпы физикалық жұмыс қабілеттілігін анықтайтын әдіс), эхокардиография іш құрылысы мен бүйректі ультрадыбыстық зерттеу, спирометрия, барлық спорт түрлерінің өкілдері үшін антропометрия, дене бітімін талдау.
6. Кезеңдік медициналық тексеруі – даярлықтың белгілі бір кезеңі аяқталғаннан кейін спортшының денсаулығының деңгейі, физикалық жұмыс қабілеті мен дайындылығын анықтау мақсатында өткізіледі. Кезеңдік медициналық тексеру келесі тексерулер:
1) спорт дәрігерінің тексеру, көрсеткіштері бойынша басқа мамандардың тексеруі;
2) қанның және несептің зертханалық тексерулері;
3) функционалдық-диагностикалық және антропометриялық тексерулер:
қалыпты жағдайдағы электрокардиограмманы,
PWC 170 тесті бойынша тестілеуді;
бойын, салмағын өлшеуді қамтиды.
7. Ағымдағы медициналық тексеру және дәрігерлік-педагогикалық бақылау денсаулық жағдайын және ағзаның жаттығу жүктемелеріне бейімделу динамикасын жедел бақылау, даярлау және қалпына келтіру іс-шаралары процесінің тиімділігін даралау және арттыру мақсатында жүргізіледі және мыналарды қамтиды:
1) спорт дәрігерінің қарауы, жаттығу сабақтарында функционалдық сынамаларды өткізу;
2) медициналық көрсетілімдер болған жағдайда функционалдық және зертханалық тексеру және басқа мамандардың қарауы.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-1. Кешенді функционалдық тестілеу спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының) арнайы оқу-жаттығу жиындары кезінде спортшының функционалдық жағдайын бағалау мақсатында жүргізіледі.
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-2. Кешенді функционалдық тестілеу келесі тексерулерді қамтиды:
1) спорт дәрігерінің қарауы (спорт дәрігерінің тағайындауы бойынша медициналық көрсетілімдер болған жағдайда – басқа мамандардың тексеруі);
2) қан мен зәрді зертханалық зерттеу;
3) функционалдық-диагностикалық және антропометриялық тексерулер:
бойын, салмағын өлшеу;
дене құрамын талдау;
плантоскопия;
спирография;
омыртқаның 3D-талдауы;
электрокардиография;
эхокардиография;
жүктемелі кардиологиялық тестілеу;
буындардың магниттік-резонанстық томографиясы;
жүгіру жолында және (немесе) велоэргометрде лактатпен және газ талдағышпен арнайы төзімділікті бағалау;
жылдамдық пен қуат көрсеткіштерін бағалау.
Ескерту. 7-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-3. Кешенді функционалдық тестілеу үшін тексерулерді спорт дәрігері спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командасының) бас жаттықтырушысымен келісім бойынша спорт түріне, жаттығу жиындары мен жарыстардың жиілігіне сәйкес, сондай-ақ әр спортшының жеке ерекшеліктерін ескере отырып анықтайды.
Ескерту. 7-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Медициналық тексерулердің қосымша түрлері (жарыс алдындағы тексеру) спортшылардың экстремалды қызмет процесінде денсаулығындағы шынайы өзгерістерді және функционалдық даярлығын, спорттық жарыстарға қатысуға жіберу мүмкіндігін анықтау, жұмыс қабілетін қалпына келтіру және арттыру құралдарының жүйесін белгілеу мақсатында өткізіледі.
9. Спорт түрінің ерекшеліктерін ескере отырып, спортшыларда қосымша:
1) көру аясына, көздің түбіне, көздің ішкі қысымына, көру аясының шетіне офтальмологиялық тексеру жүргізіледі;
2) терапевттің тағайындауы бойынша мына мамандарға тексеру жүргізіледі: травмотолог, невролог, отоларинголог, көз дәрігері, гинеколог, тіс дәрігері, тері аурулары дәрігері, уролог, кардиолог, эндокринолог, емдік дене шынықтыру дәрігері (14 жасқа дейінгі балалар);
3) неврологиялық жағдайы, қозғалыс реакциясының уақыты, вегетативті орнықтылығы тексеріледі;
4) мергендер (биатлоншылар), конкуршылар, семсерлесушілер, жеңіл атлеттер, жүзушілер, бессайысшылар, жекпе-жекке қатысатындар және ауыр атлетшілерде аудиометрия жүргізіледі;
5) ауыр атлет спортшыларда күшенуіне (А. Вальсальва) сынама жүргізіледі;
6) дәрігердің тағайындауы бойынша клиникалық тексерулер, рентгенография, ультрадыбыстық зерттеулер, компьютерлік томография, магниттік-резонанстық томография және басқа тексерулер жүргізіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Спортшыларды медициналық тексеруден өткізу тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Тереңдетілген медициналық тексеру дайындық кезеңінің басында және спорттық жарыстардың алдында жылына екі рет өткізіледі.
11. Кезеңдік медициналық тексеру бір жылдық кезең ішінде дайындық кезеңдерінің санына байланысты жүргізіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Ағымдағы медициналық тексеру және дәрігерлік-педагогикалық бақылау бүкіл күнтізбелік жыл бойы жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12-1. Кешенді функционалдық тестілеу спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының) халықаралық және республикалық жарыстарға даярлау бойынша арнайы оқу-жаттығу жиындары кезінде жылына кемінде екі рет жүргізіледі. Спортшының кешенді функционалдық тестілеу нәтижелері бойынша Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген "Денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттамалық нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 061/е нысаны бойынша диспансерлік тексеру бойынша қорытынды беріледі. Қорытынды спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командасының) бас жаттықтырушысына одан әрі жаттығу бағдарламасын жасау үшін, сонымен қатар қажет болған жағдайда қалпына келтіру және оңалту шараларын жүргізу үшін ұсынылады.
Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Медициналық тексерулердің қосымша түрлері (жарыс алдындағы тексеру) әр спорттық жарыс алдында өткізіледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Өзінің жеке клиникалық тексеруінің, антропометриялық тексерудің, функционалдық және зертханалық тексерудің, қосымша тексерудің нәтижелері және маман-дәрігерлердің қорытындысы бойынша спорттық медицина дәрігері интегративті қорытынды жасайды және онда мыналар қамтылады:
1) денсаулық жағдайын бағалау (дені сау, диагнозын көрсете отырып, іс жүзінде сау, ауру, емделуді және жаттығу процесін шектеуді талап етеді, ауру және қалпына келтіру кезінде спортпен шұғылданудан шектетіледі);
2) физикалық дамуын бағалау (стандарттарға сәйкестігі, семіру және бұлшық ет массасының пайызы, антропометриялық индекстері);
3) бейімделу мүмкіндіктерін және функционалдық жағдайын бағалау (физикалық жұмыс қабілеті, жүректің функционалдық резерві, вегетативті қамтамасыз ету түрі, ортостатикалық орнықтылығы, сенсомоторлы реакция жылдамдығы).
15. Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыны медициналық тексерудің нәтижесі бойынша Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген "Денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттамалық нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 061/е нысаны бойынша спортшыны диспансерлік байқаудың дәрігерлік-бақылау картасы толтырылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.10.2019 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.